І Петр туралы 18 мәлімет
І Петр патшаның өмірін, Ресей тарихында болған көптеген маңызды оқиғалармен байланыстырады. Ұлы Петрдің өмірбаянынан алынған қызықты деректер жинағын қарсы алыңыз.
- І Петр — 10 жасында таққа отырып, Ресей Империясын 43 жыл басқарды.
- Күріш және картоп — осы Императордың басшылығы кезінде Ресейге кіргізілді.
- Санкт-Петербург қаласының құрылысы, 1703 жылы Ұлы Петрдің тапсырысы бойынша басталды.
- Ресейдің басқа Еуропа елдерінен экономикалық жағынан артта қалғанын біле отырып, зауыттар және фабрикалардың салынуына ықпал етті. Ресей: қағаз, цемент, қару және т.б. заттарды өңдіре бастады.
- Алкогольді ішімдіктерге бейім азаматтармен күресу үшін, олардың мойындарына 7 килограммдық медальдарды асып қоятын. Маскүнемдер — бұл медальді 7 күн тасып жүруге мәжбүрленетін.
- Ер адамдарға, сақал және мұрттарын қыру туралы заң шығарды. Бас тарқан адамдар, салық төлеуге міндеттелді.
- Бұл басқарушының кезінде, өнеркәсіптік кәсәпорындардың саны — 10 есе көбейді.
- Ресми түрде патшаның екі әйелі болды. Екінші әйелі Екатерина, кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Оған бірден ғашық болып, болашақта Екатерина, өз кеңестерімен Петрдің шешімдеріне әсер етіп отырған.
- Оның әйелінің көңілдесі, 1724 жылдың 13 қарашасында өлім жазасына кесілді. Шабылған басы, әйелінің жататын бөлмесіне қойылды.
- Ұлы Петр алғашқы болып, Голландиядан коньки және қызғалдақ гүлдерін әкелді.
- Шаштары қызғылт сары түсті адамдарға, мемлекеттік лауазымдарға қабылдауға тиым салды.
- Сондай-ақ, оның бұйрығы бойынша көптеген мектептер ашылды.
- Император, ауыратын тістерін өз қолымен жұлып отырған.
- Петрдің бойы — 2 метр болғанына қарамастан, оның аяқ киім өлшемі — 39 болған.
- Ресейде Жаңа жыл мерекесін, 31 желтоқсаннан 1 қантарға қараған түнде тойлануы жайлы жарлықты шығарды.
- Шетелдік іс-сапарларға өз егіздерін жіберіп отырған.
- Императордың денсаулығы мықты болса да, оның балалары жиі ауыратын.
- Өзінің әйгілі реформаларын, Батыс Еуропаға жасаған 2 жылдық сапарынан кейін іске асыра бастады.