Паскаль машинасы туралы мәлімет
Паскаль жиынтықтаушы машинасы — 1642 жылы француз ғалымы Блез Паскаль ойлап тапқан есептеуіш құрылғы.
Қалай пайда болды?
Блездің әкесі салық жинаушы болған, оның үнемі салық есептерімен бас қатырып отыратының байқаған 19 жасар жігіт, өзінің жеке есептеу машинасын шығаруды ұйғарды. Білімді адам да, арифметиканы аз түсінетін адам да қолдана алатын құрылғы жасағысы келіп, барлық күш-жігері осыған жұмсады.
«Паскалина», өлшемі 36х13х8 см жезден жасалған шағын жәшікке орналастырылды, ішінде өзара байланысқан көптеген тісті доңғалақтар болған. Әр доңғалақ 0-ден 9-ға дейін белгіленді. Қосу амалын орындау үшін дөңгелек айналымдарының көмегімен жинақтау сандарын теру керек болды. Доңғалақтар қажетті сан пайда болғанша қозғалды. Механизмнің қарама-қарсы бағытта айналуы мүмкін болмағандықтан, азайту амалы орындалмады.
Шамамен 10 жыл ішінде Паскаль 50-ге жуық мәшине жасап шығарды. Сұраныс көп болғанымен, өндірістің күрделілігі мен құрылғының жоғары құны оның таралуына кедергі болды. Бірақ, Паскальдің өнертабысы кейін жасалған есептеуіш техникаларында кеңінен қолданылды. Бұл машина калькулятордың алғашқы прототиптерінің бірі болып табылады.
Паскаль бар болғаны 39 жыл өмір сүрді. Алайда, өмірінің қысқа болғанына қарамастан, ол керемет математик, физик және философ ретінде тарихқа енді. Оның есімімен 1968-1969 жылдары бағдарламалау тілі аталды.