Памир тауы жайлы мәлімет

Памир Тәжікстан, Қытай, Ауғанстан және Пәкістан мемлекеттерінің аумағында орналасқан. Ол Тянь-Шань, Қарақорым, Гималаи тау жүйелерімен байланысып тұр.

Сыртқы белгілеріне қарай Памир шығыс және батыс болып бөлінеді. Жалпы ауданы шамамен 120 000 км². Ең биік нүктесі – Исмаил Самани шыңы (7495 м). Бұл шың алғаш рет 1933 жылы бағындырылды, таудың басына алты альпинисттің біреуі ғана жеткен.

Бұл таулар үнемі қармен жабылып тұрады, қысы ұзақ және суық, ал жазы өте қысқа. Ызғарлы климатының әсерінен Памирде 7 мыңнан астам мұздықтар пайда болды. Ең үлкені – Федченко мұздығы 6200 м биіктіктен басталады, оның ауданы 700 км², ал ұзындығы 77 км.

Аймақта өте сирек кездесетін қар барысы мен арқарлар мекендейді. Олармен қоса аю, қабан, қасқыр, сілеусін де кездеседі. Құстарға келетін болсақ, мұнда жұртшы (грифон), қара батпырауық және сұңқарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді.

Памир пайдалы қазбаларымен танымал. Ең маңыздыларына молибден, алтын, күміс, вольфрам, гранит, мәрмәр және көк тас жатады. Сондай-ақ, бұл өңір тарихи және табиғи ескерткіштерге толы, шығыс бөлігінде тас дәуіріне жататын 50-ге жуық адам қонысы табылды.

Тау жүйесінде көптеген көлдер бар. Олардың ең ірісі – ауданы 380 км² құрайтын Қаракөл көлі. Сонымен қатар, Гарм-Чашма ыстық арасаның ерекше атап өтуге болады. Оның суы емдік қасиетке ие болғандықтан, мұнда шомылатын ванна әзірленген.

Ұқсас: Тянь-Шань тауы жайлы мәлімет