Нұркен Әбдіров туралы қысқаша мәлімет

.jpg

Нұркен Әбдіров 1919 жылы Қарағанды ​​облысындағы Қарқаралы ауданында өмірге келді. Жас кезінде шахтада жұмыс істеді. Авиацияға қызығушылық танытып, Орынбор әскери авиация мектебіне оқуға түсті. 1942 жылы емтихандарды сәтті тапсырып, 20 жасында майданға аттанды.

1942 жылдың 19 желтоқсанында экипаж командирі кіші лейтенант Б.П.Алексеев басқарған төрт ұшақ, Боковская-Пономаревка ауданындағы бекініске әуе шабуылын жасады. Эскадрильяның соңында Әбдіровтың экипажі ұшып келе жатты. Олар жаудың зениттік батареяларын және басқа да әскери техникасын бомбылауды бастады. Фашистер Нүркеннің ұшағын атып түсірді, бірақ ол шабуылын тоқтатпай, жақсы бағытталған соққымен неміс зеңбірегінің көзін жойды. От жалыны кабинаға жеткен кезде, парашютпен секіруден бас тартып, ұшақты танктердің жанында тұрған жанармай машиналарына қарай бағыттады. Нәтижесінде, Отан үшін өз жанын пида етіп, қарсыластың әскери күшіне үлкен залал келтірді.

Ол өз ұшағымен жауынгерлік тапсырманы орындау үшін 16 рет ұшып: 12 танк, 28 жүк көлігін, 3 зениттік артиллериялық зеңбіректер,  оқ-дәрілер тасымалдайтын техникаларды және 1 жанармай цистернасын жойды. Соңғы әуе шабуылында 6 танк, 2 зениттік артиллериялық пункт және көптеген неміс жауынгерлерінің көзін құртты.

Ұлы Отан соғысы барысында жасаған ерекше ерлігі мен жанқиярлығы үшін, сержант Әбдіров Н. Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Жерлесіміздің ерлігі туралы естіген қарағандылықтар, әскери ұшаққа ақша жинап, оны «Нұркен Әбдіров» деп атады. Бұл ұшақ – 1944 жылы алғашқы жауынгерлік тапсырмасын орындады. Қарағанды қаласында осы батырдың есімімен көше аталған және ескерткіш орнатылған.