Мұхиттар туралы қызықты мәліметтер
Жер бетінің 72%-ын мұхиттар алып жатыр. Қазіргі таңда, олардың 5%-ы ғана зерттелген. Мұхит туралы көптеген жұмбақ деректер бар. Олар қандай?
Мұхиттар жайлы 20 мәлімет
- Ғалымдардың пікірінше, мұхиттың түбінде шамамен 20 миллион тонна алтын бар.
- 1 миллилитр мұхит суында, 1 миллион бактерияға дейін болады.
- Әлемдегі мұнай қорының 25%-ы, Солтүстік Мұзды мұхитының түбінде шоғырланған.
- Планетадағы ең үлкен мұхит — Тынық мұхиты. Оның көлемі — 178,6 миллион квадрат километр.
- Біздің планетамыздағы оттегінің ең көп мөлшерін, мұхиттарда өмір сүретін фитопланктон деп аталатын микроағзалар өңдіреді.
- Мұхиттарда өмір сүретін көк кит — әлемдегі ең үлкен жануар. Оның салмағы 150 тоннаға дейін барады. Көк киттің жүрегі — жеңіл автокөлікпен бірдей.
- Антарктиданың барлық мұзының көлемі, Атлант мұхитындағы сумен тең.
- Акулалардың кесірінен жылына шамамен 10 адам көз жұмады.
- Ең тұзды су — Атлант мұхитында.
- Солтүстік Мұзды мұхиты еритін болса, онда әлем мұхиттарының деңгейі 10 метрге дейін көтеріледі.
- Әйгілі Титаник кемесі, Атлант мұхитында батып кетті.
- Үнді мұхиты ең жас және жылы болып саналады.
- Барлық акулалардың 99%-ы жойылып кетті.
- Ғаламшарымыздың ең терең жері — Мариан шұңғымасы (11 километр).
- Тынық мұхитының көлемі — барлық Жер құрлықтарын қосқанның өзінде, олардан үлкен.
- Мұздардың еруі себебінен, мұхит деңгейі — 6 сантиметрге көтерілді.
- Мұхиттардың орташа температурасы +5°C, ал орташа тереңдігі — 3,5 километр.
- Жанартау атқылауларының 90%-ы мұхиттың астында болады.
- Судың астындағы дыбыс жылдамдығы 1500 м/с, бұл ауадағы дыбыстың жымдамдығынан 5 есе тез.
- 3,5 миллиард адам үшін мұхиттар — негізгі азық-түлік көзі болып табылады.
Ұқсас: Су туралы қызықты мәліметтер
Өте қызықты мәліметтер екен