Мұрын бітелсе не істеу керек?
Мұрын бітеліп қалса, тыныс алу ауырлайды. Бұл жағдай күнделікті өмірде ыңғайсыздық тудырады және ұйықтауды қиындатады. Егер оны емдемесеңіз, ол әр түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін.
Пайда болу себебі
Мұрынның бітелуі — бұл ауру емес, ол басқа аурудың белгісі. Көп жағдайда, оның басты себепкері — суық тию. Бактериялар үнемі мұрын ішінде өмір сүреді. Ауа райы суытқан кезде, олар өте агрессивті болып, шырыштың қабынуын тудырады. Сондықтан, адам жиі түшкіріп, мұрнынан және көзінен су аға бастайды. Сонымен қатар, пайда болу себептеріне: аллергиялық реакциялар, аденоидтар және мұрын қуысының ісіктерін жатқызуға болады.
Үй жағдайында емдеу
Мұрын тамшылары.
Егер мұрныңыз қатты бітелсе, емді осыдан бастау керек. Өйткені, ол гайморитқа айналып кетуі мүмкін. Бірақ, абай болыңыз! Тамшыларды 5 күн ғана қолданғануға кеңес беріледі. Себебі, 1 аптадан кейін, ол есірткі сияқты тәуелділік тудырып, бұл препаратты күнделікті пайдалануға мәжбүр боласыз. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, сізге тек қана хирургиялық ота ғана көмектеседі.
Мұрынды шаю.
1 стақан жылы судың ішіне, 1 қасық теңіз тұзын салып ерітіңіз. Содан кейін басыңызды бір жаққа еңкейтіп, ерітіндіні үстіңгі жағындағы тесікке құйыңыз. Осы процедураны күніне бірнеше рет қайталаған дұрыс.
Мақта тампондары.
Көптеген жағдайларда, қарапайым бал көмектесе алады. Мақта тампондарын балға матырып, мұрынға 15-20 минутқа салып қойыңыз. Бұл қабынуды кетіруге арналған тиімді құрал.
Ауа ылғалдатқышы.
Ылғалдылық 40%-дан аз болған кезде, мұрындағы шырыш кеуіп, еркін тыныс алуға кедергі келтіреді. Егер шырыш көп, ал ылғалдылық төмен болса, ауыр бактериялық асқынулар пайда болуы ғажап емес.
Сонымен бірге, сізге көмектесе алатын амалдар: мұрынға алоэ шырынын құю, қайнатылған картоптың буымен дем алу және бас бармақтың көмегімен мұрынға массаж жасау.
Салеметсиздерме….менде тауелдилик бар нафтизинге деген…2019 дын наурыз айынан бери мурным битип калады уже 1 жыл болды нафтизинге тауелдилик киын…кунине 5 не 6 рет пайдаланамын.не истеуиме болады?
салеметсизбе менде тауелди боп калдым Нафтезинге нестесек болады екен
Менын мурныма ет осп кеткен нестеуге болат 1 жлдан беры журмн ослай киналп кеттм
Менің нафтизинді пайдалануыма 3жыл болды
Менде нафтизинге тəуелдімін.бірақ жаз айындағана.аллергиялық реакцияның əсерінен.мұрным бітеіп қала береді.сол мұрынды ашу үшін басымда ауырады.жəне үнемі шырышты болып тұрады
Менің жатқан мұрным бітеліп қалады қандай дәрі ішу керек
аквалор мен гаи
Менің мұрным пітеліп қала беред кибір кезде қояды бірақ, осы нәрсе мешать етіп жүр, күнара бітеледі, сондықтаң осы жағдайда не істеу керек деген сұрақ
Менде ет өскен еди лорга қаралып олар порталга тіркеп операциямен алып тастады казир жақсы мурным ашылып жақсы демалам босқа журмей лорга каралыныз коркатын еш нәрсе жоқ етти алғаннан кейнги асерди билсенизгой мурныныздын демал ғаның қандай тамаша
Сәлеметсіздерме!Мұрыннан ет өскеннін қалай білуге болады.Меніңде мұрным бітеліп қалады.1жылдан асты нафтизиннің көмегімен жүрмін.Қатты қиналып кеттім.
Мурным бителип спреиди жие колданып тәуелді болдым не истеуим керек
Етті видеокамерамен қарап, опервц жасап алып тастайды 20 мин кетет. Сол жерге наркоз салады.
Менің 3жас 6ай қызымда ет өскен деді. Уайымдап жүрмін. Опер қайда жасаттыңыз? Қиын емес па?
Пияз барғой соны кесіп иіске балды ерітіп суға мұрнына тамыз😊
Мендеде осындаааай уже катты бітелді шыдай алмаймын
Мұрныңызда ринит синусит немесе гайморит сияқты мұрын ауруларының бірі болуы мүмкін,лучше операция жасатнз мұрныңызға әйтпесе ол аскынып,миға қанға да кері әсері аз емес
Мұрнынызға ет өссе оны тек кестіріп алу керек!баска варианты жоқ,қиын операция емес,1 сағат әрі кетсе,2-3 күнде шауып кетесіз
Ет өссе операция жасап алдыру керек етті
Сәлеметсіз бе онда дәрігерге бару керек
Алдырып көрген адамдар бар ма екен? Жазыңыздаршы. Операция жасатуға қорқып журмын. Бір врач операция десе бір врач керек емес деп тур да
Полив мұрынға ет өсуі, оны міндетті түрде операция арқылы алдырып тастау керек. Болмаса дем алуыңыз қиындап кетеді. Тек қана операция жасату керек
Салем. Мен алдырған мың 5 минуттык операция ауырмайды ауызды ашып тамактан алып тастайды
Вооьще сеппей койыныз 1-2 күн киналасыз катты но шыдаңыз басылад
Трубка салады дейді соны білу керек
Сəлеметсібе? Баламның мүрыны манқаға толып бітеліп қала береді кей кездерде демалалмай қалады не ісеуіме болады ұй жағдайында.
Дарыгерге корниниз, ол опасный ойнауга болмайды. Ет осип кетсе вообше опасно
Онын орнына тузды су себинз
Менің мұрным бітелгеніне бір апта болды не стеуге болады алергиямбар и гаймаритпін
Керек емес. Имунды көтер одан да
Одан басқа амал жоқпа?
Өкінішке орай көмектеспеді
Саламатсыздарма менде жүктілік кезінде мұрным бітетін туғаннан кейін ашылатын қазір жүкті емеспін күн суытса қайталанады