Мона Лиза туралы мәлімет

Мона Лиза – әлемдегі ең танымал өнер туындысы. Леонардо да Винчи салған суретке, көптеген адамдар қызығушылық танытады. Бұл сурет құпияға толы.

Фото: globallookpress.com
  • Суреттің толық атауы – «Миссис Лиза Джоконданың портреті».
  • Суретте кім бейнеленгені белгісіз. Кейбір мәліметтер бойынша, бұл әйелдің есімі – Лиза Герардини.
  • Мона Лиза – әлемдегі ең қымбат сурет. Ол 3 миллиард долларға сақтандырылған.
  • Қазіргі уақытта, Джоконда Лувр мұражайында орналасқан.
  • 1911 жылы Джоконданы, Луврдың жұмыскері Винченцо Перруджа ұрлап кетті. Туынды тек 2 жылдан соң табылды.
  • 1956 жылы Хьюго Унгаза есімді адам, суретке тас лақтырып, Мона Лизаның бояуы аздап бүлінді.
  • Туындыны қорғауға арналған қауіпсіздік жүйесіне, Лувр басшылары 7 миллион евро қаржы жұмсады.
  • Үлкейтіп қарағанда, Мона Лизаның көздеріндегі сандарды және әріптерді байқауға болады. Зерттеушілер, бұл Леонардоның аты-жөні және суреттің салынған мерзімі деген пікір айтты.
  • Байқаған шығарсыздар, оның қастары жоқ. Ғалымдар алғашқыда оның қасы болған, бірақ белгісіз жағдайлардың себебінен жоғалып кеткен дейді.
  • Бұл суретті Леонардо да Винчи, Франция королі Францискқа 4 мың алтын тиынға сатып жіберді. Кейінірек Джоконда, Наполеон Бонапарттың бөлмесінде ілініп тұрды. Император болып атанғаннан кейін, сурет Лувр мұражайынан орын тапты.
  • Туынды 1505 жылы Францияның Амбуаз қорғанында салынған. Леонардо да Винчи осы жерде жерленген.
  • Мона Лиза күліп тұр ма? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ.