Меркурий жайлы мәліметтер

Меркурий  ғаламшары өте нашар зерттелген, өйткені оны зерттеу қиын және өте қымбат, соған қарамастан бұл планета туралы кейбір фактілер белгілі.

.png

Меркурий Күнге ең жақын орналасқан планета (57909227 км). Сондай-ақ, ол Күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар (74 800 000 км²).

Планетаның айналасында әлсіз магнит өрісінің бар екендігі анықталды. Бұл магнит өрісі Жерге өте ұқсас, бірақ әлсіз. Сол себептен, астрономдар Меркурийдің ядросы 80%-ға темірден тұрады деген болжам жасады.

Бұл ғаламшарда бір тәулік жарты жылға созылады. Дәлірек айтқанда – 176 күнге.

Кейбір мәліметтер бойынша, ол бұрын Шолпанның серігі болған. Бірақ, қатты соқтығысудың себебінен, оны басқа орбитаға лақтырып жіберді.

Меркурий – жылдам ғаламшар. Ол Күнді 172 км/с жылдамдықпен айналады. Жерден 3 есе тез.

Меркурийдегі негізгі химиялық элемент – гелий. Сонымен қатар, жоғары температураға қарамастан, планетада су мұзының үлкен қоры бар. Ол терең кратерлердің түбінде орналасқан.

Меркурий алатын Күн қуаты, Жерден 7 есе көп.

Уран мен Нептун сияқты планетелар телескоп ойлап табылғаннан кейін ғана ашылған. Ал, Меркурийдің бар екендігін мыңдаған жылдар бұрын білген.

Басқа планеталардан айырмашылығы, Меркурийдің бетінде тереңдігі 100 километрге жететін кратерлер кездеседі. Олар астероидтермен және кометалармен соқтығысудан пайда болған.

Күнге жақын болғандықтан, бұл ғаламшарды зерттеу қиын. 1974 және 1975 жылдары «Маринер-10» ғарыш кемесі, Меркурийдің жартысын ғана фотаға түсіре алды. Ал, 2004 жылы жіберілген Messenger зонды, ол әлі күнге дейін оның орбитасында жұмыс атқаруда.