Менің Отаным – Қазақстан (эссе)

o

«Отан» сөзі төрт әріптен ғана тұрады. Бірақ, бұл қысқа сөздің мағынасы өте терең. Осы сөзді естіген кезде, маған ата-анам, туылған жерім, үйім, мектебім және достарым есіме түседі.  Мұның бәрі менің өмірімде ерекше орын алады. Қай жерде болсам да, оларды өзіммен бірге жүрегімде алып жүремін. Ешқандай мемлекет, маған Қазақстанды алмастыра алмайды. Сондықтан, өзге елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болғым келеді.

Мен өскен кезде, кең байтақ елімнің барлық қалаларын аралап шығуды армандаймын. Қазақстанның әр бөлігі өзіндік сұлулығымен ерекшеленеді, соның бәрін өз көзімен көріп, елімізде өмір сүретін көптеген ұлт өкілдерінің мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен танысқым келеді.

Қазақстан халқы өз елінің болашағы жарқын болатындығына сенімді. Әрине, біздің елімізде кемшіліктер әлі бар. Алайда, әрбір қазақстандық мемлекет игілігі үшін қызмет атқаратын болса, онда өмір сүру сапасын жақсартуға болады.

Отанға деген махаббат ана сүтімен бірге беріледі. Бұл – өмірдегі ең құңды зат. Біз туған жерімізді таңдамаймыз, бірақ, оны қорғауға және құрметтеуге міндеттіміз. Мен Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма қуаныштымын! Бұл керемет мемлекет, сондықтан әрбір қазақ оны мақтан тұтуы керек!

Ұқсас: Қазақстан — көп ұлтты мемлекет (эссе)