Менің болашақ мамандығым (эссе)
Мектепті бітіргеннен кейін, әрбір адам болашақ мамандықты таңдау керек. Бұл өте маңызды қадам, сондықтан, өзіне ұнайтын кәсіпте қызмет атқарған дұрыс.
Ұқсас: Менің арманым (эссе)
Дәрігер туралы шығарма
Қандай мамандықты таңдаған жөн? Әрбір оқушы өзіне осы сұрақты қоятын шығар. Бірақ мен өскенде кім болғым келеді деп ешқашан ойланбаппын. Дәрігер болатынымды білемін. Кішкентай кезімде, қуыршақтарды ойыншық шприцтердің көмегімен емдеп отырғаным есімде бар.
Дәрігердің жұмысы қиын, бірақ қызықты. Бұл үлкен міндет — науқастарға мейірілімдікпен және жауапкершілікпен қарау керек. Дәрігерге қателесуге болмайды. Егер қате диагноз қойсаңыз немесе пациентке немқұрайлы қарасаңыз, науқастың өміріне қауіп төнеді. Менің ойымша, өзімшіл немесе абыройсыз адамнан, жақсы маман шықпайды.
Медицина көп уақытты, білімді және күшті талап етеді. Маған ұзақ уақыт бойы биологияны, фармацевтиканы және дене құрылымын оқып-үйрену керек екенін білемін. Осы қиындықтардан өтіп, университетті аяқтаған соң, мақтаулы дәрігер бола алатындығыма сенімдімін.
Мұғалім жайлы шығарма
Көптеген балалар, болашақта қандай кәсіпте жұмыс атқаратынын айтуға қиналады. Өйткені, мамандық таңдау — өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әрине, ересек адамдар осы мәселе бойынша кеңес беруге тырысады. Бірақ, әрбір оқушы өзіне ұнаған мамандықты таңдауы керек деп ойлаймын.
Мұғалім — балаларды мектеп табалдырығынан алғаш болып қарсы алатын адам. Ол сыныпқа кірген әрбір оқушыға жылулығы мен білімін береді. Ұстаздың ең үлкен бақыты — шәкірттерінің жетістіктігі. Бұл мамандықты мәңгілік деп атайды. Мен келешекте мұғалім болуды армандаймын.
Неге ұстаз болғын келеді деп сұрасаңыз, мен балаларды жақсы көремін. Олардың дамуын және жетілуін байқау, оқушыларға қиындықтарды жеңуге көмектесу және баланың ішкі жан-дүниесін тану, мені қызықтырады. Мұғалім балаларға сабақ оқыту барысында, өзіде көп нәрсе үйренеді және білімін тереңдетуге мүмкіндік алады.
Өкінішке орай, бұл мамандық қазіргі заманда үлкен сұранысқа ие болса да, ұстаздарға жоғары жалақы төленбейді. Бірақ, болашақта бұл кәсіпті лайықты бағалайды деп үміттенемін.