Менің атам жайлы шығарма (эссе)

Менің атамның есімі – Төлеу, оның жасы 68-де. Жасына қарамастан, белсенді, көңілді және жігерлі болып көрінеді. Ол маған көп нәрсені үйретті. Жақында туған күніне смартфон сыйлаған болатынбыз. Қазір соны қолдануды үйретіп жатырмын.

Ұзақ жылдар бойы металлургия зауытында темір ұстасы мамандығында жұмыс атқарған. Зауыттың бастығы, атамды зейнеткерлікке шығарғысы келмеген. Өйткені, ол өз ісінің білікті маманы болған. Көптеген грамоталары және алғыс хаттары бар. Қиын жұмыста еңбек еткендіктен, қазір атамның денесіндегі көптеген буындары ауырады. Бірақ, мені мектепке шығарып салғанда, ауыр рюкзагымды өзі көтеріп жүреді.

Оның қолынан барлығы келеді. Біздің үйге сантехник немесе электрші ешқашан келмеген. Атам барлық су құбырларын өзі жөндейді. Техниканы да жетік меңгерген. Мысалы, кез-келген автокөліктің қозғалтқышын жинап бере алады. Алайда, соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп, ауыр заттарды көтере алмайды. Сондықтан, көмекші ретінде жанына мені алып жүреді.

Атам шай ішуді қатты ұнатады, кемінде 5 кесе ішеді. Дастарқан басында, жастық шағын еске түсіріп, әскерде болған оқиғаларымен бөлісуді ұнатады. Бірдене бүлдіріп қойсам ұрыспайды, тек саусағымен ғана қорқытады.

Екеуміз серуендеуді жақсы көреміз. Алатын зейнетақысы аз болсада, маған үнемі тәттілер сатып береді. Кішкентай кезімде, оның сақалынан жұлатыным әлі есімде. Мен атама еліктеуге тырысамын. Оның еңбекқорлығы мен өмірге құштарлығы маған ерекше шабыт береді. Егде жасқа жеткенде, өз немелеріме де үлгі тұтарлық ата болғым келеді.

Ұқсас: Ана туралы шығарма