Менің арманым (эссе)

Баланың болашағы оның арманына байланысты. Өз мақсатына жету үшін бүкіл күшін жұмсаған адам, өмірін түбегейлі өзгерте алады. Келесі мақала оқушыларға арналған.

.jpg

Арман туралы шығарма

Жер бетіндегі әрбір адамның арманы бар. Мен бала кезімде ғарышкер болуды армандағанмын. Өскен сайын тілектерімнің саны арта бастап, оларды іске асыру үшін көп жұмыс істеу керек екенін түсіндім. Қазіргі уақытта менің басты арманым – саяхаттау, күн сайын ұйықтар алдында, шет елде жүргенімді елестетемін. Сондықтан, қазірден бастап ағылшын тілін үйренемін деп шештім.

Бұл мақсатыма жету үшін – мектепті бітіргеннен кейін, университетке түсу керек. Жолымда кездесетін барлық кедергілерді бағындыра алатындығыма сенімдімін. Әлі бала болсамда, бұл өмірде қалаған затынды алу үшін, күш салу керек екендігін білемін. Жақсылыққа ұмтылатын адамдарды ұнатамын, олар бізге шабыт береді және әрекет етуге итермелейді.

Жоғарғы оқу орнын аяқтап, жақсы жұмысқа тұрғаннан соң, отбасы құруды және ата-анама көмектесуді армандаймын. Олар мені мақтан тұтса екен деймін. Армандарым айналамдағы адамдармен тығыз байланысты екендігіне көзім жетті. Олар ешқашан ауырмасын деп тілеймін!

Қорытындылай кетсем, алдымен зор денсаулықты тілеу керек, өйткені деніңіз сау болмаса – барлық армандарыңыз, жай ғана арман болып қалуы мүмкін.