Мәншүк Мәметова туралы мәлімет
Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысында туылған. Шын есімі — Мәнсия. Қызды үлкен қоңыр көздері мен алғырлығы үшін, «Моншақ» деп еркелеткен. Ал, ол өзін Мәншүк деп атаған. Ата-анасы ерте қайтыс болғандықтан, әкесінің ағасы Ахметтің қолында тәрбие алды.
1937 жылы жаппай қуғын-сүргін басталып, Мәншүктің әкесі Ахмет, халық жауы деген айыппен қамауға алынды. Бірақ, Мәншүк одан бас тартқан жоқ. Әкесі қателікпен тұтқынға алынғанына сенімді болды. Кейбір жағдайларда, репрессияға ұшырағандардың туыстары соғысқа кетсе, олар түрмеден босатылатын. Бұл мүмкіндікті жібермеу үшін, өз еркімен майданға кетуге бел буды. Өкінішке орай, Ахмет бұл кезде ату жазасына кесіліп кеткен. Мәншік мұны білмеді. Мектепті бітірген соң, медициналық училищеге оқуға түсті. Ұлы Отан соғысы басталған жылы, оның жасы 18-де болды. Майданға аттану үшін әскери комиссариатқа өтініш жасап, 1942 жылы 100-ші атқыштар бригадасына ілікті.
1943 жылы 15 қазанда Невель қаласының шетіндегі ұрыс кезінде, Кеңес әскері жаудың қатты қарсылығына тап болды. Олар біздің бөлімшелеріміздің алға жылжуын тоқтатуға тырысып, үздіксіз оқ жаудырды. Мәншүктің дивизиясына, стратегиялық басымдылық беретін биіктікті бағындыру туралы бұйрық берілді. Егер бөлімшелер бұл биіктікте орнығып алса, бұл шайқастың нәтижесін шешетін еді. Мұны түсінген неміс дивизиясы, өз қарсыластарын минометпен атқылай бастады. Нәтижесінде, екі миномет есебі жойылып, тек Мәметованың пулеметі ғана аман қалды. Фашистер оның жалғыз қалғанын біліп, әртүрлі бағыттардан шабуыл жасауға кірісті. Шабуылға тойтарыс беру үшін, Мәншүкке үш пулеметтен кезекпен оқ боратуға тура келді. Содан кейін, ол басынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалды. Оянған кезде, оған қарай жақындап келе жатқан немістерді көріп, жауға пулеметтен оқ жаудыруға күш тапты. Бұл шайқаста 70-тен астам жауынгердің көзін құртып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болды (қайтыс болғаннан кейін).
Өте керемет! ❤🫶🏻🫀