Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы мәлімет

Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы Қызылтау болысының аумағында дүниеге келген. Өз еңбектерін – шағатай, араб, қазақ, парсы, орыс тілдерінде жазған.

Өмірбаяны

9 жасында ауданның сұлтаны Мұса Шорманов жыр-дастандарды тамаша орындағаны үшін оны «Мәшһүр» (даңқты, атақты) деп атаған. Халық арасында осы есіммен белгілі болды. 15 жасына дейін «Қамар хазірет» медресесінде білім алып, 1872 жылы Қараөткел, Атбасар және Қызылжар өңірлерін аралап, осы аумақта мекендеген ру-тайпалардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Мұнда ол қазақ ауыз әдебиетінің үзінділерін жинап, жарыққа шығарды.

1887-1890 жылдары Орта Азияға саяхат жасап, шығыс әдебиетін жан-жақты зерттеді. Ойшылдың «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сияқты шығармалары газет-журналдарда жарияланып, кеңінен танымал болды.

Жүсіп Көпеев көріпкелдік қасиетімен белгілі. Ол өз өлімім, аштықты, коммунистік партияның 70 жылдық билігін және елдегі 30 жылға созылатын жемқорлықты болжап кеткен. Ақынның мәйіті 30 жыл бойы ашық бейітте еш бұзылмай жатқан.

Кесенесі

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесі Павлодар облысы Баянауыл ауылынан бірнеше шақырым жерде орналасқан. 1953 жылы Кеңес үкіметінің бұйырығымен зиратты жою туралы шешім қабылданды. Тек 1978 жылы ағартушының мазары қайта қалпына келтірілді. Ал, 2006 жылы кесене тұрғызылып, ол Қазақстанның ең маңызды тарихи ескерткіштерінің біріне айналды. Аты аңызға айналған тұлғаның моласын көруге елдің түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келеді. Халық оны әулие санаған, зиратына қол тигізу аурудан құтылуға көмектеседі деп сенген.

Ұқсас: Қожа Ахмет Ясауи туралы мәлімет