Лимонның пайдасы мен зияны

Пайдалы қасиеттерінің арқасында, лимон бүкіл әлемге танымал болды. Біздің ағзамыз мұндай жемістерді қажет етеді. Бірақ, оны пайдаланудың шегі бар, өйткені шамадан тыс қолданған жағдайда, организмге кері әсерін тигізуі мүмкін.

.jpg

Пайдасы қандай?

Лимонның құрамында аскорбин қышқылы көп мөлшерде болғандықтан, ол қартаюды баяулатады, онкологиялық аурулардың дамуына кедергі жасайды, холестеринді ағзадан шығарады және денеге қуат береді.

Суық тиюдің немесе тұмаудың алдын алу үшін қолданылады. Құрамындағы дәрумендер иммунитетті нығайтады. Нәтижесінде адамның ағзасы, аурумен тиімді күресе алады. Сондай-ақ, оның көмегімен дене температурасын төмендетуге болады.

Лимонның шырыны — стресске қарсы тұра алатын құрал. Оның көмегімен көңіл-күйді жақсартып, эмоционалдық жарылыстарды азайтуға болады.

Лимон асқазанға пайдалы. Ол ішекті тазартады, токсиндерді шығарады және зиянды бактерияларды жояды.

Лимон шырының косметологияда кеңінен қолданады, оның негізінде көптеген маскалар жасалады. Макро және микроэлементтерінің арқасында, май бездері қалыпқа келтіреді, терінің ылғалдылығы сақталады, безеуді кетіреді және әжім мен қартаюдың алғашқы белгілерімен белсенді күреседі.

Егер ангинаның алғашқы белгілері байқалса, тамақты лимон шырынымен шаю ұсынылады. Бұл процедураны, әр 3 сағат сайын қайталауға кеңес беріледі.

Құрамындағы калий, қан қысымын нормаға әкеледі және миды нәрлендіріп отырады. Сонымен қатар, сүйектердегі кальцийді сақтайды.

Зияны бар ма?

Бұл цитрус жемісін, аллергияға бейім адамдарға, жүкті және емізетін әйелдерге, кішкентай балаларға және бүйрек ауруынан зардап шегетіндерге жеуге болмайды.

Өте қышқыл болғандықтан, асқазанды тітіркендіреді. Сол себептен: ұйқы безі қызметінің бұзылуы, ұлтабардың ойық жарасы және энтерит ауруларының пайда болуы мүмкін.

Лимон, көптеген емдік қасиеттері бар пайдалы жеміс. Оны тек дұрыс пайдалана білу керек.