Күлтегін батыр туралы мәлімет

Күлтегін – түркі халықтарының әскери жетекшісі және қолбасшысы. Ол көптеген көшпенді тайпаларды көк тудың астына біріктірген. Бұл батырға арналған ежелгі жазба ескерткіші бар.

.jpg

Әйгілі батыр – 685 жылы Орхон өзенінің жағасында дүниеге келген. Құтлұқ қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған қайтыс болғаннан кейін, билікті өз қолына оның туған ағасы Білге алды, ал Күлтегін түрік әскерінің бас қолбасшы атанды. Ол кезде оның қылышына ешкім қарсы тұра алмаған. Оғыздар, қырғыздар, соғдылар, қытайлар және басқа халықтардың әскерлерін бағындырып, өз империясына қосып алған.

Күлтегін ескерткіші

Ескерткіш Моңғолиядағы Орхон өзенінің бойында орналасқан. Ол  биіктігі – 3,33 м, ені – 1,32 м, қалыңдығы – 0,46 м көк мәрмәр тастан жасалған. Үстінгі бөлігінде 3 айдаһар бейнеленген. Бүйір жағында, қағанның символы – ақбөкен суреттелген. Артқы жағында, батырдың өліміне қатысты, қытай тілінде көңіл айту жазылған. Түркі жазуларының таңбалары өте әдемі қашалған. 1956 жылы ескерткіштің жоғарғы бөлігі найзағайдың салдарынан қатты зақымданды.

Мүсіннің басы Моңғолиялық Археологиялық институтінде сақталып тұр. Бет келбетіне қарасаңыз – бұл адамның моңғолоид нәсіліне жатқандығына күмән келтірмейсіз. Басына бес тісшесі бар тәж киілген, тәжге бүркіттің суреті салынған.

Ескерткіште Күлтегін батыр туралы жыр жазылған. Дастанда, батырдың барлық жауларын талқандап, өз халқына еркіндік сыйлап, бейбітшілік пен тыныштық орнатқандығы суреттелген. Әйгілі қолбасшы көптеген шайқастарға қатысып, ешқашан жеңілген емес. Жыр – Білге қағанның жауынгердің қайтыс болғаны туралы қайғылы әнімен аяқталады. Дастанның негізгі идеясы – түркі халықтарының бірлігі, сыртқы жауларға қарсы бірлесіп күресуі және ежелгі салт-дәстүрлерді сақтау.