Көкек құсы жайлы мәлімет
Көкекті өз көзімен көрген адамдардың саны аз. Себебі, олар өте үркек және жасырын, сондықтан, біз бұл құстың «ку-ку» деген дауысын ғана естиміз. Осындай дауысты шығару арқылы, еркектер ұрғашылардың назарын аударғысы келеді екен.
Көкек көгершіннен сәл үлкен. Қауырсындары сұр түсті, құйрығы ұзын, ал аяқтары қысқа. Бармақтары мықты, екеуі алға бағытталған, ал екеуі артқа бұрылған. Осының арқасында ағаштардың бұтақтарында епті қозғалады. Салмағы 90-110 грамм, ұзындығы 32-34 см.
Әдетте, тыныш және бірқалыпты өмір салтын жүргізіп, тек жұптасу кезеңінде ғана шулы болуы мүмкін. Олар өте сақ, адамдарды 50-80 метрден артық жақындатпайды. Біздің аймаққа көктемнің ортасында келіп, жаздың аяғында жылы елдерге қайта ұшып кетеді. Антарктидадан басқа, барлық құрлықтарда тіршілік етеді.
Ең басты ерекшілігі — ол өз ұясын салудың орнына, жұмыртқаларын басқа құстардың ұяларына тастап кетеді. Ұяның иесі ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқасын лақтырып жіберіп, өз жұмыртқасымен ауыстырып қояды. Көп жағдайда, ұяның қожайыны бөтен балапанды асырап жатқанын байқамай қалады.
Бұл құстар әртүрлі жәндіктермен қоректенеді. Улы қырықбуындарды жеу арқылы орманға баға жетпес пайда тигізеді, себебі, басқа қанаттылар бұл жәндікті өз мәзіріне қосудан бас тартады. Ғалымдардың айтуынша, көкек әлемдегі ең пайдалы құстардың бірі болып табылады. Ол жазғы мерзімде миллиондаған зиянкестердің көзін жояды екен.
Ең ұзақ өмір сүрген көкек Еуропада тіркелген, оның жасы 12 жыл 11 ай.
Ұқсас: Бұлбұл құсы туралы мәлімет
Кустар ушып келеди шыгарма