Қаныш Сәтбаев туралы 15 мәлімет
Қаныш Сәтпаев — Қазақстанның металлургиясының дамуына үлкен үлесін қосқан ғалым. Қазіргі жас ұрпақ үшін, бұл адам жайлы мәліметтерді білу өте маңызды.
Ұқсас: Шыңғыс хан туралы деректер
- Ғалымның арқасында, Қазақстан жерінде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер табылды.
- Қаныш Сәтбаев «Ертіс-Қарағанды» арнасының жобасын жасаған. Жобаның құрылысы 1961 жылы басталып, 1967 жылы аяқталды. Нәтижесінде, Орталық Қазақстан толығымен сумен қамтамасыз етілді.
- Ұлытау-Жезқазған кен орнын ашқаны үшін, 1940 жылы Ленин орденімен марапатталды.
- 1951 жылы Кеңес Одағының билігі, жазушы М.О.Әуезов, Х.Жұмалиев, Е.Исмаилов, және композитор А.Қ.Жұбановты ұлтшыл деп айыптады. Қаныш Сәтбаевқа, айтылған адамдарды жұмыстан босату туралы бұйрық жасалды, бірақ, ол бұл бұйрықтан бас тарты. Соның себебінен, Сәтбаев қатты сыңға ұшырап, Қазақ КСР академиясы президентінің лауазымынан босатылды.
- Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов жақсы дос болған, студент кездерінде бір бөлмеде тұрған.
- Жалпы алғанда, оның әр түрлі салаларда жазған 800-ден астам ғылыми еңбектері бар.
- 1947 жылы Лондон қаласында, Ұлыбритания Премьер-Министрі Уинстон Черчилльмен кездескен болатын. Сол кездесуде Қаныш Сәтбаевтан: «Барлық қазақтар сіз сияқты батыр ма?» деген сұрағына, «жоқ, мен қазақтардың арасындағы ең кішісімін, менің халқым меннен жоғары» деп жауап қайтарған.
- Ол қазақ тіліндегі мектептерге арнап, «Алгебра» оқулығын жазып шығарған алғашқы адам.
- Жер асты минералдарының картасын жасағанда, Қаныш Сәтпаев бірнеше ірі кен орындарын белгілеген жоқ. Жақын достарына: «Мен бұл орындарды әдейі жасырдым, өйткені, ол біздің ұрпақтарымыз үшін қажет!» деп айтыпты.
- Алматыдағы Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуына көп күш жұмсап, 1946 жылы оны басқарды.
- 1935 жылы Жезқазғанды зерттеу кезінде, Қаныш Сәтпаев 14-ғасырда Әмір Темір қалдырып кеткен, жазуы бар тасты тауып алды.
- Ең тұңғыш — қазақ академигі.
- Қазіргі таңда, Сәтбаевтың атымен қала, көше, университет және кен орындары аталған.
- Ұлы ғалым 1964 жылы туберкулез ауруынан көз жұмып, Алматыда жерленді.
- Қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үлкен. Билік өкілдерінің кедергілеріне және науқасына қарамастан, Қаныш Сәтбаев — Қазақстан тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі бола алды.