Қалай дұрыс тамақтану керек?
Салмағына, терісіне және денсаулығына қарап, әрбір адам дұрыс тамақтану туралы ойлана бастайды. Осы мақаладағы кеңестерді оқи отырып, диетаныңызды реттеп, өзіңізді сұлу әрі бақытты сезінетін боласыз!
Семіздік — қазіргі заманның басты проблемаларының бірі. Ол адамдардың аз қозғалып, майлы тағамдар және фаст-фуд өнімдерімен тамақтанудың нәтижесі екені белгілі. Өкінішке орай, артық салмақ ағзаға кері әсерін тигізеді. Оның кесірінен диабет, гипертония, артрит, асқазан және жүрек-тамыр аурулары пайда болады.
7 пайдалы кеңес
- Ұйқыдан кейін міндетті түрде 200-300 мл су ішіңіз. Ол ағзаның су-тұз теңгерімін қалыпқа келтіріп, сіздің сыртқы көрісіңізді жақсартады. Ересек адамның тәуліктік мөлшері — 1,5-2 литр.
- Асты бір уақытта ішіңіз. Таңғы асты өткізіп алмаңыз, бұл өте маңызды. Ол «ұйықтап жатқан» зат алмасу процесін іске қосып, көңіл-күй және күш береді. Түскі аста сорпа ішкен жөн. Ол ас қорытуға және ағзаны қажетті сұйықтықпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Тамаққа тойып алып, төсекке бірден жатуға болмайды. Соңғы тамақтану ұйқыға дейін 2-3 сағат бұрын болғаны дұрыс.
- Тамақтану теңгерімді болуы керек. Өзіңді жақсы сезіну үшін организмді: ақуыз, майлар, көмірсулар, макро және микроэлементтермен қамтамасыз еткен дұрыс. Күнделікті рацион 50% — көмірсу, 25% — ақуыз және 25% — майдан тұруы керек.
- Фаст-фуд тағамдарынан, майонез, соус, колбаса, газдалған және энергетикалық сусындардан аулақ болыңыз.
- Күніне 500 грамм жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жеңіз. Олар ағзаға үлкен пайда әкеледі, өйткені дәрумендер мен минералдардың басты көзі болып табылады.
- Буға пісірілген және қайнатылған тамақты жеу ұсынылады. Қуырылған тағамға тиым салыңыз.
- Күніне 4-5 рет тамақтану қажет (4 сағат сайын).