Қайырымдылық, мейірімділік, жомарттық туралы эссе
Шағын шығарма
Қайырымдылық — адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Өкінішке орай, жомарт азаматтардың саны азайып келеді, адамдар кез-келген жағдайда, бірінші кезекте өз пайдасын ойлап тұрады. Сіздерге айтарым, ашкөздік пен сараңдықтан аулақ болайық, игі істер жасамасақ, адамдық кейпімізді жоғалтып аламыз.
Мен, жомарттық қасиеті бар тұлғаларды ұнатамын. Олар адамдармен тек материалдық құндылықтарымен ғана емес, сонымен бірге жан дүниесінің байлығымен де бөліседі. Жомарт адам жақсы істерді көпшіліктің алғысын алу үшін жасамайды, ол мұқтаждарды кішкене болса да бақытты еткісі келеді. Қолында тұрған зат өзіне қажет болғанымен, оны артық сөз айтпай басқаға бере салады. Біз осындай керемет жандардан үлгі алуға тиіспіз.
Қазіргі заманның жастары, «мейірімділік» деген сөзді сирек естиді және мағынасын толық түсінбейді. Менің ойымша, мейірімділік дегеніміз — қиын жағдайға тап болған адамға шын жүректен қолдау көрсетіп, басқа адамның бақыты үшін өз уақытыңды, ақшанды немесе денсаулығыңды құрбан ету. Жасөспірімдердің арасында қатыгез, өзімшіл және мақтаншақ балалар көбейіп келеді. Біреу құлап қалса, оны көтерудің орнына, ұялы телефонның камерасына түсіре бастайды. Сондықтан, ата-аналары балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі керек.
Ұқсас: Тәрбие туралы шығарма (эссе)
Өте керемет
өте керемет жəне балаларға пайдалы осыдан үлгі алуға болады.
большой спасибо. Отлично🤗🤗💯🖕
Не деген керемет жауап маған ұнады жақсы 👍 мықты 💯 күшті әсер етеді
Өте 👍жақсы екен
Керемет 🖤маған унады шығармадан өте жақсы баға алдым Рахмет сизге
ия, дұрыс айтасың
Рақмет күшті болған
Керемет🤗 үлгі аларлық дерек.😍.бірак кейбіреулер оны түсінбейді…..неге?..❓…
Мен түк түсемін