Иран туралы қызықты мәліметтер
Иран — Ежелгі Парсы мемлекетінің мұрагері, сондықтан бұл елдің тарихы 5 мың жылды құрайды. Қазіргі уақытта ол — әлемде туристтер ең көп келетін 10 қызықты елдің қатарына кіреді. Иран туралы көбірек білгіңіз келсе, осы мақалыны оқыңыз.
Иран елі жайлы 25 мәлімет
- Ұраны — «Тәуелсіздік, еркіндік, Ислам республикасы».
- Көзге көрінбейді бірақ, Иран елінің туында 22 рет «Аллаһ ұлық» деп жазылған.
- Ирандықтарға әлеуметтік желілерге зан жүзінде кіруге тиым салынған.
- Ежелгі заманда, Парсы елінің аумағында әлем халқының жартысы өмір сүрген.
- Ислам Республикасы болғанымен, Иран әлемде мұрынға пластикалық ота жасаудан 1-ші орында.
- Халықтың 70%-ы, әлі 30 жасқа толған жоқ.
- Еркек пен әйел ажырасқаннан кейін, балалар міндетті түрде әкесінде қалады. Анасы балаға деген барлық құқығынан айырылады.
- Алғашқы почта жүйесі Ежелгі заманда, Кир патшасы кезінде ойлап табылды деп есептеледі.
- Гомосексуализм ауыр қылмыс болып саналады, ол үшін тіпті өлім жазасына кесілуі мүмкін.
- Иран тарихи ескерткішкетрдің саны бойынша, Египет және Италиядан кейінгі 3-ші орында.
- Иранда мемлекетттік билікті — аятоллалар басқарады.
- Жоғарғы мемлекеттік лауазымдарды тек мұсылмандар ғана иелене алады.
- Үйленбеген ирандықтарды олар «жігіт емес» деп атайды екен.
- Әлемдегі ең қымбат уылдырықты (икра) ирандықтар жасайды, оның бағасы 35 мың АҚШ доллары.
- Иран — әлемнің ең көп мұнай өңдіретін елдерінің қатарына жатады. Әлемдік резервтің 10% мұнайы осы елде шоғарланған.
- Иранның Десте-Лут шөлінде, жер бетіндегі ең ыстық температура тіркелген (+70 градус).
- Иранды Иракпен шатастыру жиі кездеседі.
- Иранда әйелдерге автокөлік жүргізуге, бизнес ашуға, басқарушы лауазымдарға отыруға және саястапен айналысуға мүмкіндік бар.
- Әлемге әйгілі ғалым Ибн Сина (Авиценна) осы елдің өкілі болған. Бұл адамсыз қазіргі медицинаны елестету қиын.
- Иранда — әлемдегі ең үздік кілемдер жасалады.
- Бұл елде 3 күнтізбе пайдаланылады: парсы, ислам және григориан.
- Бұл мемлекеттің астанасы Тегеран, ауасы қатты ластанған қалалардың қатарында.
- Парсыларды арабтар жаулап алмай тұрып, жергілікті тұрғындардың діні — Зароастризм болған.
- Елдің жоғарғы басшысын, 86 діни қызметкер кеңес кезінде тағайындайды. Ал жоғарғы басшы өз кезегінде, республиканың президентін тағайындайды.
- 1979 жылы Иранның шахы революция кезінде тақтан құлатылғаннан кейін, бұл елде конституцияның орнына шариғат орнатылды.