Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері
Техника қауіпсіздік ережелерімен таныспаған оқушыға, информатика сабағына қатысуға рұқсат берілмейді. Ережелердің бұзылуы — электр тогының соғуына, өртке және түрлі жарақаттарға әкелуі мүмкін. Тәртіптің қатаң сақталуын мұғалім қадағалауы тиіс.
Кабинетке кірер алдында
- Кабинетке сырт киіммен, бас киіммен және тамақпен кіруге тыйым салынады;
- Сабаққа кірмес бұрын жеке мобильді құрылғылар (смартфон, плеер) өшірілуі керек;
- Мұғалім белгілеген компьютерлік орынды ауыстыруға болмайды;
- Құрылғыны тексеріп алып, зақымданған жері болса мұғалімге хабарлау қажет;
- Тәртіпті, қауіпсіздік ережелерін және тазалықты сақтаңыз;
- Компьютердің алдына отырған соң, экран мен көздің арасындағы қашықтықты (70 — 80 см) сақтап, денеңізді түзу ұстаңыз.
Сабақ барысында
- Мұғалімнің рұқсатысыз орнынан тұруға, секіруге, шу шығаруға, қатты сөйлеуге және басқа оқушыларға бөгет жасауға;
- Кабельдерді, розеткаларды және сымдарды ажыратуға немесе қозғалтуға;
- Сабақ барысында компьютерлік ойындарды ойнауға;
- Компьютердің ішіндегі бағдарламаларды өшіруге;
- Жүйелік блокты, дисплейді немесе үстелді жылжытуға;
- Пернетақтаны кір немесе дымқыл қолмен қатты ұрғылап басуға;
- Компьютерге дискі немесе флэш-картаны салуға;
- Мониторды қолымен ұстауға;
- Мұғалімнің компьютерімен қолдануға;
- Өз бетінше құрылғыларды өшіруге немесе қосуға тыйым салынады.
Жоғарыда жазылған ережелерді жүйелі түрде бұзғаны үшін, оқушы информатика сабағынан шығарылады.