Христофор Колумб жайлы мәліметтер

Христофор Колумб – тарихтағы ең ұлы саяхатшылардың бірі. Бұл теңізші – көптеген географиялық ашулардың авторы. Әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі өте үлкен.

.jpg

Христофор Колумб – Америкаға аяғын басқан алғашқы еуропалық емес. Ғалымдар 10-11 ғасырларда осы аумақтарда, исландтық викингтер қоныстанғанын анықтады. Викингтер бұл жерді – «Винланд» деп атаған.

1492 жылдың 12 қазанында, 3 экспедициялық кемемен, қазіргі Багам аралдарына келіп тоқтады. Бұл күн, Американың ашылу күні болып есептеледі. Бірақ саяхатшы, Үндістанның жағалауына келдім деп ойлап, жергілікті тұрғындарды «үндістер» (индейцы) деп атады.

Оның кемелеріндегі экипаждың көбісі қылмыскерлер болды. Өйткені, мұндай қауіпті сапарға ерікті түрде ешкімнің барғысы келмеді.

Саяхатқа аттанар алдында, жерді көрген бірінші адамды алтынмен марапаттауға уәде берді. Бірақ, Багам аралын алғаш болып байқаған Родриго де Триана, айтылған сыйақыны алған жоқ.

Ол Американы ашқандығын, өмірінің соңына дейін білмей кетті. Теңізші барлық аралап шыққан аумақтарын, Шығыс Азияның бөлігі деп ойлаған. Кейінірек Америго Веспуччи, Колумб сапар шеккен аумақтар Азия емес екендігін дәлелдеп, осы адамның құрметіне материкті – Америка деп атады.

Жаңа жерді ашқаны үшін алғыс білдірген Испания королі, оны Санта-Доминго аралының губернаторы етіп тағайындады. Бірақ, басқарушы ретінде өзін жаман жағынан көрсетті. Ол қазынаның көп бөлігін заңсыз түрде иемденіп алып, жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Нәтижесінде қамауға алынып, үйіне жіберілді.

Теңізші Американың жағалауларына төрт рет сапар шекті. Өкінішке орай, экспедиция кезінде кеме журналы жоғалып кетіп, кейбір мәліметтер қазіргі уақытқа дейін жетпеді.

Испандықтардың жергілікті тұрғындарға қарсы жасаған геноциді үшін, Венесуэла президенті Уго Чавес, ұлы саяхатшыға арналған барлық ескерткіштерді қиратуға бұйрық берді.