Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдардың пайдасы мен зияны

Гендік модицикацияланған өнімдер деп – генетикалық коды жасанды түрде өзгертілген организмдерді айтады (жануарлар, өсімдіктер және бактериялар.)

.jpg

ГМО-ға деген көзқарас, қазіргі замандағы ең даулы мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте, оның пайдасы мен зияны туралы дау-дамайлар азаймай жатыр. Әзірге, бірыңғай пікір қалыптасқан жоқ.

Бүгінгі таңда, әлемде генетикалық өзгертілген қызанақ, асқабақ, картоп, жүгері, күріш, соя, бидай және т.б. шығарылады. Сондай-ақ, бұл тізімге диабетпен ауыратын адамдардың басты көмекшісі – инсулин де кіреді. Ол Қазақстанда өндірілмейді, бұндай өнімдердің барлығы бізге шет елдерден әкелінеді.

Пайдасы

Бұл өнімдердің пайда болуы, бірінші кезекте ауыл шаруашылығына тиімді әсер етті. Көкөністер мен жемістердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасалды. Оларды өсіру оңай болғандықтан, нарықтағы бағасы да төмендеді. Сонымен бірге, ГМӨ зиянды жәндіктермен, вирустармен және бактериялармен күресе алады.

Гендік модификацияланған тағамдар қатерлі ісікке, бедеулікке немесе демікпеге (астмаға) әкелуі мүмкін деген пікірлерді жиі естуге болады. Алайда, бұл тұжырым қате. Трансгендік өнімдер бірде-бір өлімге, тіпті қарапайым ауруға соқтырған жоқ. Ол фармакологияда да қолданылады, оның негізінде әртүрлі ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.

Мамандардың болжамы бойынша, 20 жылдай кейін жер шарының тұрғындары 2 миллиардқа көбейеді. Дәл қазір, аштықта өмір сүретін адамдарың саны 700 миллионды құрайды. Трансгендік тағамдарды қолдайтын ғалымдардың айтуынша, ГМӨ адамзатты аштықтан құтқара алады.

Зияны

Экологтардың айтуынша, гендік өзгеріске ұшыраған өсімдіктер қоршаған ортаға залал келтіреді деп санайды. Мәселен, олар зиянды жәндіктерді ғана емес, сонымен қатар, мүлдем зиянсыздарды да жояды.

Көптеген табиғи өсімдіктер, бәсекелестікке шыдай алмағандықтан, жойылып кетуі мүмкін. Бұл жағдай – табиғаттың тепе-теңдігін бұзады.

Бұл организмдер жақында пайда болғандықтан, қорытынды жасау әлі ерте. Оны қолдануға ресми тыйым салынған жоқ, сондықтан, ГМО-нің болашағы тұтунышылардың қолында.

Ұқсас: Фастфуд тағамдарының зияны