Ғарышкерлер туралы мәлімет
Галактикадағы ең әдемі планета — ол Жер. Оны ғарыш кеңістігінен бақылаған адамдар өте аз. Біз бұл батыл адамдарды ғарышкерлер деп атаймыз. Олар жайлы қандай қызықты ақпараттар бар?
- Валерий Поляков — орбитада 438 күн болды. Бұл әлем рекорды.
- Орбитада ғарышкерлердің бойы 4-5 сантиметрге ұзын болады. Өйткені, омыртқаға жердің гравитациясы әсер етпегендіктен, ол түзеледі.
- Ғарышта бірде-бір адам әлі қайтыс болған жоқ. Жазатайым оқиғалар болды, бірақ олар жердің атмосферасында орын алды.
- Жердің орбитасында болған адамдардың жалпы саны — 542.
- 12 сәуір — Ғарышкерлер күні. Бұл күні — Юрий Гагарин, Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып, Жердің орбитасын алғаш рет айналып шықты.
- Ғарышта Күннің шығуы және батуы, әрбір 90 минут сайын болады. Сондықтан, ғарышкерлерге ұйықтау қиынға соғады.
- Ваннаға түсу мүмкін болмағандықтан, шомылу үшін ылғалды губкалар қолданылады.
- Гравитацияның әсерінен, ғарышкерлердің сүйегіндегі кальцийдін мөлшері өте аз.
- Егер ғарыш кеңістігінде скафандрге зақым келсе, ғарышкерге тынысын ұстап тұруға болмайды. Өйткені, қысымның төмендеуінен, өкпе жарылып кетуі мімкін.
- Джен Мервис және Марк Ли есімді американдық астронавттар — ғарышқа бірге ұшқан жалғыз ерлі-зайыптылар.
- Джон Гленн — ең кәрі космонавт. Ол орбитаға 77 жасында ұшып барды.
- Ғарышқа ұшқан космонавттардың көздері сәулелену (радиация) алады. Сол себепті, Отанына оралғаннан кейін, олар көз ауруларынан жиі зардап шегеді.