Фернан Магеллан туралы мәліметтер

Фернан Магеллан – жер шарын айналып шыққан алғашқы адам. Осы саяхаттау кезінде, жаңа сауда жолдары ашылып, планетамыздың шынайы өлшемдері анықталды.

Фото: Pixabay

Оның шын есімі – Фернан де Магальяйнш. Ұзақ уақыт бойы сарбаз болып, Африкада болған соғыстарға қатысқан. Кейінірек әскери қызметтен кетіп, өмірін әлемді зерттеуге арнады.

1514 жылы Мароккода болған шайқас кезінде, аяғынан ауыр жарақат алып, өмір бойына ақсандап қалды. Португалия королі, оған теңізге шығуға тыйым салды. Сол себептен Фернан, Португалияның азаматтығынан бас тартып, Испанияға көшіп кетеді.

Әйгілі экспедицияға, 2 жылға жететін азық-түлікпен, 300 экипажы бар 5 кеме аттанды. Бұл сапардан, 18 адам ғана қайта оралды. Қалғандары жолда көз жұмды.

Фернан Магеллан, Филиппин аралынын жергілікті көсемі, Лапу-Лапудың қолынан қаза болды. Біздің заманға дейін жеткен мәліметтерге сүйенсек, жарақаттарына қарамастан, соңғы шайқасын батылдықпен аяқтаған. Экспедиция – Отанына ұлы саяхатшысыз қайтты.

Магеллан сапарға аттанар алдында, жер шарын жүзіп өтуді жоспарламаған. Оның басты мақсаты: Малукка аралына өтетін жолды табу болатын.

17 мың километр бойы ешбір дауыл болмағандықтан, осы мұхитты – Тынық мұхиты деп атаған. Саяхатшының жолы болды, өйткені бұл мұхитта – қарқынды дауылдар және жойқын цунамилер жиі болады.

Магеллан бұғазы – осы адамның құрметіне аталған. Бұл бұғаз – кеме жүргізу үшін өте қауіпті аумақ болып табылады. Бірақ теңізші, өзінің флотилиясын сәтті өткізе алды. Бұндай ерлікті, ұзақ уақыт бойы ешкім қайталай алмады.