Ежелгі Рим жайлы мәліметтер

Ежелгі Рим туралы көптеген фильмдер мен телебағдарламарды көрген шығарсыздар. Бірақ бұл мемлекет – ұлы әскерімен және гладиаторларымен ғана белгілі емес. Сіз білмейтін деректермен таныс болғыңыз келсе, төмендегі мақаланы оқыңыз.

.jpg

Ғалымдардың айтуынша, Ежелгі Рим тұрғындарының тығыздығы, бүгінгі Нью-Йоркке қарағанда алты есе жоғары. Бұл империяда шамамен 57 миллион адам өмір сүрген. Олардың 40%-ы, құлдар болған.

Кейбір адамдар, Рим империясын тарихтағы ең үлкен мемлекет деп ойлайды, бірақ шын мәнінде, ол көлемі бойынша 28-ші орынды алады. Бірінші орында – Британ, ал екінші орында – Моңғол империясы.

Империя құлдырағаннан кейін, Шығыс және Батыс болып екіге бөлінді. Батыс Римнің астанасы – Рим, ал Шығыс империяның астанасы – Константинополь болды. Кейінірек, бұл қаланы түріктер басып алып, оның атын Стамбул деп өзгертті.

Ол Еуропадағы ең көне қалалардың бірі, б.з.б. 753 жылы құрылған.

Рим Колизейі – құм мен цементтен жасалған әлемдегі ең үлкен амфитеатр. Сыйымдылығы – 200000 көрермен. Оның құрылысы 6-8 жылға ғана созылды.

Империяның жойылғанына 2000 жыл болғанына қарамастан, римдіктер салған ғимараттар және жолдар әлі күнге дейін тұр.

Егер науқас, дәрігердің қателігінен көз жұмса, ол екі қолынан айырылуы мүмкін.

Римдіктер шомылған кезде сабынды қолданбайтын. Оның орнына арнайы майлармен денесін сүртіп, қырып тастайтын.

Өлген гладиаторлардың қанын ішкен. Олар осылайша, эпилепсия ауруынан емделуге болады деп сенген.