Еңбек тақырыбына тәрбие сағаты

Тақырып: «Еңбек түбі – береке»

Мақсаты: Оқушыларды еңбекке баулу. Еңбектің адам өмірінде алатын орнын түсіндіру.

Әдісі: мақал-мәтелдер, өлең, тапсырмалар, ойындар

Көрнекілігі: карточка, плакат

Барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымызды еңбекке арнаймыз. Еңбек болмаса, жер бетінде тіршілік болмас еді. Айналаңыздағы үйлер, сауда орталықтары, мектептер, ескерткіштер және т.б. түрлі ғимараттар – мыңдаған жұмыскерлердің күшімен құрылған. Қаламыздың қазіргі келбеті – ол халықтың еңбегі. Сабағымызды мына өлең шумақтарынан бастайық:

Дүниеге мені әкелген

Еңбек сен – ғазиз анамсың.

Қиынның кілтін әперген,

Өскелең ойым, санамсың.

Сондықтан сені сүйемін,

Сүйемін қымбат досымдай.

Тек саған басымды иемін.

Қадірін үшін осындай. (Тұрсынхан Әбдірахманова)

II. Негізгі бөлім

1.Мақал-мәтелдер

Біздің ата-бабаларымыз мақал-мәтелдер арқылы, кешелек ұрпаққа еңбек етудің маңыздылығын жеткізгісі келген. Тақтаға назар салып, берілген мақалдардың басы мен соңын дұрыс байланыстырыңыз.

Еңбек адамның көркі,Білім ердің қанаты.
Еңбек етпей елге өкпелеме,Адам заманның көркі.
Еңбегі көптің,Егін екпей жерге өкпелеме.
Еңбек ердің санаты,Өнбегі көп.

Көптеген оқушыларды «болашақта қандай мамандық таңдау керек?» деген сұрақ мазалайды. Бұл – оқушының өміріндегі ең маңызды қадам. Сондықтан, осы мәселеге қазірден бастап ерекше мән беру керек. Келесі тапсырмада: ең қажетті, ең қауіпті және ең сәнді мамандықтарды атап өтіп, кестені толтырыңыздар (Мұғалім балалар ұсынған мамандықтарды тақтаға жазып отырады).

2.Ең қажетті мамандықтар

Ең қажеттіЕң қауіптіЕң сәнді
дәрігерөрт сөндірушітілші
мұғалімкеншіэколог
шаштаразұшқышбағдарламашы
аспазполицейзаңгер
жүргізушіқұтқарушыэкономист

3.Мына заттар қай мамандыққа жатады?

қайшы, ине, жіп, мата. (тігінші)

ақ халат, бинт, шприц, дәрі-дәрмек. (дәрігер)

тарақ, қайшы, фен. (шаштараз)

хат, газет, сөмке. (пошта тасушы)

кәстрөл, ожау, пышақ. (аспаз)


4.«Бұл затты кім жасады?» ойыны

Күн сайын тамақтанғанда, кітап оқығанда, теледидар көргенде немесе киінген кезде, осы заттардың қалай пайда болғандығы жайлы ойланбаймыз. Келесі ойында, мен әртүрлі заттар көрсетемін, ал сіздер, бұл затты кімдер жасағаның айтуларын керек.

нан (наубайшы)

көйлек (тігінші)

көмір (кенші)

бал (ара өсіруші)

балық (балықшы)


III. Соңғы бөлім

«Сөйлемді аяқта»

Барлығыңызға 4 сөйлемнен тұратын карточкалар беріледі. Осы сөйлемдерді толықтыруларыңыз керек.

Нағыз еңбек бұл – _________________________________

Кез-келген жұмыста ең маңыздысы __________________

Мамаңдықты дұрыс таңдау үшін _____________________

Еңбекқор адамға тән қасиеттер: ______________________


Сабаққа белсенді қатысқандарын үшін көп рақмет. Еңбек ақша табуман қатар, бізді жауапты, қайратты және төзімді болуға үйретеді. Қандай саланы таңдасаңыздар да, білікті маман болуға тырысыңыздар.