Ең ұзақ түн қашан болады?

Қысқы күн тоқырауы – маңызды астрономиялық және географиялық оқиға, ол жылына екі рет – жазда және қыста болады.

Басталу уақыты

Астрономдар қысқы күннің тоқырауы, 2018 жылы 21 желтоқсанда болатынын есептеп шығарды. Яғни, 21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған түн – ең ұзақ, ал күн – ең қысқа.

Мыңдаған жылдар бойы, күннің қысқы тоқырауына планетаның барлық халықтары үлкен мән берген. Бұл мерзім олар үшін, жарық қараңғылықты жеңгенін білдіретін. Бұдан былай күн ұзарады, ал түн қысқарады. Адамдар бұл сәтті Күннің жанаруы деп атайтын.

Ежелде бұл күнде не істеген?

Ежелгі римдіктер 17-23 желтоқсан аралығында, Сатурн құдайына ғибадат еткен. Адамдар өз жұмыстарын тастап, ал мектеп оқушылары демалысқа жіберілген. Олар құдайға шошқаны құрбандыққа шалып, тойлауды бастайтын.

Шотландияда дөңгелекті өртеп, дөңнен төмен қарай жіберген.

Қытайлықтар түннің қысқаруы жаңа циклдін басталғаны деп сенген. Сол себепті, бұл күнде халық бір-біріне қонаққа барып, әртүрлі тағамдардан дәм татты.

Үндістер бұл кезді Санкранти деп атаған. Олар осы күні, Күннің сәулелеріне ұқсайтын үлкен өрт жасаған.