Ең үздік қазақша фильмдер

Қазақша фильмдер үлкен қарқынмен дамып келе жатқандығы белгілі. Кейінгі жылдарда Қазақстанда керемет кинолар түсірілді. Біз кинопоиск сайтына жүгіне отырып, 10 ең үздік қазақша фильмді таңдадық.

Шал

Сыншылармен жоғары бағаланған қазақша фильм. Шал, келінімен және немересімен бірге алыс далада тұрады. Басқа адамдардан еш айырмашылығы жоқ. Ойын-сауық біреу ғана — ол теледидардан футбол көру . Оның басты жұмысы — жылқылар мен қошқарлар. Бір күні ол далада қой бағып жүргенде, тұманға ұшырап, адасып кетеді. Жақында бұл жерлерде аңшылар болған. Олар жас қасқырларды өлтірген, ал басқа қасқырлар кек алу үшін оларға шабуыл жасаған. Енді сол аңдар шалға да шабуыл жасамақшы.

Рывок

Оның мансабын қызғаныш жойды. Бірде ауруханаға жатып қалып, ол бұл әлемде оған орын жоқ екенін көрді. Қайтадан аяққа тұру үшін, ол балалық шағынан бастап асқан армандарының арқасында қандай жетістікке жеткенін еске алды. Өйткені, арман адамды тізеден көтеріп, кедергілерді қиратады.

Рэкетир

Саян Беккаримов бала жасынан бастап бокспен айналыса бастады. Ол бұл спорт түрінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді, тіпті Қазақ КСР — ның чемпионы атанды. Алайда, әскери қызметтен кейн, оның өмірі түбегейлі өзгерді. Ол 90- жылдары күшпен және физикалық дайындықтың арқасында осы өмірде көп нәрсеге қол жеткізе алатындығын түсінді. Бұрынғы боксшы қылмыстық жолға түсіп, рэкетир болып кетті. Саян өзін бақытты сезінді. Бірақ, ерте ме, кеш пе, ол үшін жоғары баға төлеуге тура келеді.

Сказ о розовом зайце (Қызғылт қоян туралы ертегі)

Қарапайым Ерлан деген жігіт, Алматы университетінің 3 курс студенті. Ол қалаға болашаұта үлкен жетістікке жетем деген үмітпен келді. Бірақ «Золотая молодежь» деп аталатын адамдардың арасында өмір сүру оңай емес. Олардың өз заңдары, өз ережелері бар және бұл ортада адамгершілік принциптерін сақтау үшін басынан көп оқиға өткізу керек.

Фара

Банктің құпия шотында миллиондаған ақша бар. Бұл шоттың кодын қалада бір адам ғана біледі. Ол бұл ақшаны ауру баласы бар әйелге мұра етеді. Бірақ ол әйелді мафия кодты білу үшін арнайы жіберген. Алайда бұл қиындықтар Фараға жақын адамдар табуына және жаңа өмір бастауына көмегін тигізді.

 Тюльпан (Қызғалдақ)

Асхат жұмыстан кетіп, сүйікті Қазақстанға оралды. Асхат дала кеңістігін және күн сәулесінің батуын сүйеді. Ол бүкіл дүниені жақсы көреді. Тынық мұхиты флотының бұрынғы матросы, шопан болуды армандайды. Бірақ шопан болу үшін оған некеге отыру керек. Бүкіл далада оған сәйкес келетін бір қыз ғана бар. Және оның есімі Қызғалдақ!

Уроки гармонии (Асланның сабақтары)

13 жастағы Асланды, медициналық тексеру барысында оның сыныптастары абыройын түсірді. Бұл оқиға оның жасырын тұлғалық бұзылыстарының дамуына серпін береді. Өз-өзіне сенімсіз бала, айналасындағы барлық нәрсені қадағалап отырғысы келеді. Аслан ауылдағы әжесімен бірге тұрады, және оның қылықтары ақырында қиын жағдайларға әкеледі.

 Жаужүрек мың бала

Жақында шыққан қазақша фильм. Бұл фильмның оқиғасы  XVIII ғасырдың басында қазіргі Қазақстанның аумағанда болған. Сюжетті4 ортасында — қазақ батырларының жоңғарлармен соғысы. Көрермен, қатыгез соғас аясындағы махаббатқа, достыққа, адалдыққа және сатқындыққа куә болады. Өз жерін қорғау мақсатында Сартай сияқты ерлер ғана емес, Қорлан сияқты қыздар да қолына қару алады.

Он и она

Үлкен қала. Екі миллион адам. Бір кездейсоқ кездесу. Екі тағдыр. Ол — қарапайым алматылық жігіт, студент және сценарист. Оның өміріңдегі тыныштықты, сұлу және батыл қыз бұзады. Бұл қыз оған шынайы махаббат не екенін көрсетеді. Бірақ көптеген кездесулерден кейін, ол кенеттен жоғалып кетіп, оның өмірін мәңгілікке өзгертіп кетеді.

Келинка Сабинка (Сабина келін)

Сабина (Нұртас Адамбаев) — шулы компанияларды жақсы көретін және Алматыдағы түнгі клубтарда түн өткізуді әдеттке айналдырып алған астаналық тұрғын. Ата-аналарының табысы қымбат киімдер мен аксессуарларға көптеген ақша кетіруіне мүмкіндік береді. Толық бақытқа жету үшін оған тұрмысқа шығу ғана қалды. Қыз өзіне жұпты Дубайдан тапсамба деп армандайды. Бірақ сәнді қыз керісінше ауылға келін болып түседі.