Егер мен кәсіпкер болсам (эссе)
Мен болашақта бизнеспен айналысқым келеді. Кәсіпкерлік сияқты күрделі салада табысқа жету қиын тапсырма екенін түсінемін, бірақ мен «бастыққа» жұмыс істемей, өз ісімді бастауды армандаймын.
Орта және шағын бизнесті дамыту арқылы — жұмыссыздық мәселесімен күресуге болады. Бұл жайлы соңғы жолдауында президент айтып өткен. Жеке кәсіпкерлер адамдар үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, мемлекетте салық төлеп отырады. Осының арқасында, елдің экономикасы нығаяды.
Ірі кәсіпкер болсам, бірінші кезекте туған қалама көмектесемін. Оны көркейту үшін көшелерді тазарту және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыратын едім. Білім беру орындарын және ауруханаларды қажетті құралдармен жабдықтаймын. Спорттық іс-шараларды өткізуге демеушілік көрсетемін.
Мен бауырмал және қамқор кәсіпкер болуды армандаймын. Науқас және тұрмысы төмен отбасыларға көмектесуге арналған қор ашуды көздеймін. Қаражаттың бір бөлігін материалдық қолдауды қажет ететін балалар үйлеріне және мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалтуға арналған мекемелерге беремін. Көмек сұраған адамның қолын ешқашан қайтармай, экономикамызды, мәдениетімізді және спортымызды дамыту үшін барынша еңбек етер едім.
Әп бәрекелді