Денсаулық туралы мақал-мәтелдер

Денсаулық жайлы мақал-мәтелдер жинағымен таныс болыңыз.

Ұқсас: Білім туралы мақал-мәтелдер

Ауырсан сау бол — ауырмасан сақ бол.

Сау денеде — сау жан.

Жүрек ауырмағанша — көз жыламайды.

Ашу бар жерде — ауру бар.

Ауру адамға балда тәтті емес, ауырмаған тасты да жейді.

Ащымен емдейді — тәттімен зақымдайды.

Ауру адам үшін алтын төсекте ыңғайсыз.

Денсаулық пен бақыт бөлек өмір сүрмейді.

Ауру — дененің жарасы, қайғы — жанның жарасы.

Сау адамда — үміт бар, үміті бар да — бәрі бар.

Ауруын жасырған өліммен ойнайды.

Денсаулық бірнеше күнде келіп, бірнеше сағатта кетеді.

Өз жаранды біреудің денсаулығымен емдей алмайсын.

Сау — күледі, ауру — жылайды.

Науқас үшін балда ащы.

Адамның ең бірінші байлығы — денсаулығы.

Адам қартаяды — ауру жасарады.

Денсаулықтын қадірін ауырған түсінеді.

Сау болу алтыннан да қымбат.

Жаста ақыл аз, ал кәріде денсаулық.

Науқас өлімнен қашады — сау адам өлімге ұмтылады.

Науқастың досы — дәрігер.

Өлімнен бұрын өлмейсін.

Құдай денсаулық бермесе, дәрігерде бермейді.

Ауырғаннын көңілін сұрамайды.

Тазалық — денсаулықтың кепілі.

Қайыршы ауруды іздейді, бай ауруды табады.

Басыңды суықта, аяғынды жылыда ұста.