Дельфин туралы қызықты мәліметтер

Дельфин — адамдардың ең сүйікті су жануарларының бірі. Олар көптеген халықтар арасында үлкен құрметке ие және адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды.

.jpg

Денесіндегі ең үлкен орган — ми. Ересек дельфиннің миының салмағы шамамен 1700 грамм, ал біздікі — 1400 гр. Зерттеу кезінде, оның миындағы жүйке жасушаларының жалпы саны, адамнан көп екені анықталды.

Дельфиндер, бір-бірімен әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың көмегімен сөйлеседі. Әр дельфиннің өз есімі бар. Бұл есім оларға туылған кезде қойылып, өмірінің соңына дейін сақталады.

Дельфин адамның ішкі құрылысын көре алады. Мысалы, ол әйелдің жүктілігін бірден анықтайды.

Табиғатта дельфиндердің 40-тан аса түрі бар, олардың ең жақын туыстары — киттер. Бұл жануарлар көбінесе тұзды суларда тіршілік етеді.

Үлкен жарақат алғанның өзінде, қан кетуден немесе инфекциядан өлмейді. Оның орнына, денесі тез қарқынмен қалпына келіп, бірнеше аптадан кейін, терең жараның орнында тыртықта қалмайды.

Олар судың бетіне жиі шығады. Себебі өз демін, 10 минутқа дейін ғана ұстай алады.

Жүзу кезінде, 40-50 км/сағ жылдамдықты, 1 сағат бойы ұстап тұра алады.

Тамақты бірден жұтады, өйткені олардың жақтары шайнауға арналмаған.

Апатқа ұшыраған кемелердегі адамдарды құтқарғандығы туралы көптеген оқиғалар белгілі. Тіпті акулалардан қорғаған. Акула дельфиннен қорқады, өйткені олар ұзын мұрнымен, акуланың қорғалмаған қарнына жасаған соққысы өлімге әкелуі мүмкін.

Туылғаннан кейін кішкентай дельфиннің терісінде шаш болады. Бірақ, біраз уақыттан соң түсіп қалады.

Ежелгі Грекияда дельфинді өлтірген адам, өлім жазасына кесілетін.