Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы

Әйгілі парсы ғалымы Ибн Сина айтқандай, дәрігердің үш қаруы бар — ол сөзі, пышағы және шөптері. Емдік шөптердің көмегімен қайнатпалар, тұнбалар және сығындылар жасалады.

Дәрілік өсімдіктермен емдеу жүйесі — фитотерапия деп аталады. Ол адам ағзасына жұмсақ, зиянсыз әсер етіп, жанама әсерлердің туындауына жол бермейді. Бұл әдіспен емделуді — аурудан табиғи жолмен құтылғысы келетін адамдар таңдайды. Дегенмен, өзін-өзі емдеумен айналыспай, алдымен дәрігермен кеңескен жөн. Ең танымал дәрілік шөптерге жеке-жеке тоқталып кетейік.

Алоэ

Ол дененің қорғаныс қасиеттерін арттыруға көмектесетін мықты құрал. Жасушаларға терең енетін қасиетінің арқасында, токсиндерді шығарып, қан мен лимфаны тазартады. Алоэ шырыны бактерицидтік және қабынуға қарсы әсерге ие.


Түймедақ

Түймедақ қайнатпасымен гастрит, асқазан-ішек және тамақ ауруларын емдейді. Тері аурулары кезінде ваннаға қосылады, ол жаралардың жылдам тартылуына әсер етеді. Сонымен қатар, өсімдіктің қайнатпасы жүрек соғу жиілігін қалыпқа келтіреді және ми жұмысын ынталандырады.


Шайқурай

Ағзадағы метаболикалық процестерді қалыпқа келтіре алатын қасиеті бар. Бұл шөп түрі әсіресе депрессияға қарсы әсерімен танымал. Оның көмегімен стрессті және ұйқысыздықты жеңеді. Тыныштандыру әсеріне ие болғандықтан, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.


Сәлбен

Шалфейдің негізінде псориазға қарсы препараттар дайындалады, туберкулез, ревматизм және бүйрек аурулары емделеді. Ол сыртқы және жергілікті дәрі ретінде қолданылады. Бірақ, сәлбен тек қосалқы құрал болып саналатынын ұмытпаған жөн.


Итмұрын

Итмұрын дәрумендерге бай өсімдік, ол ағзаның төзімділігін арттырады. Сондықтан, оның қайнатпасы тұмау вирусы өршелеген кезде кеңінен қолданылады. Гастрит және ойық жарасы бар адамдарға пайдалануға тыйым салынады.


Жолжелкен (Бақажапырақ)

Жолжелкеннің қайнатпалары қақырық шығаруға көмектеседі. Бұл шөппен бронхит, тыныс демікпесі, пневмония, көкжөтел емделеді. Оның тұнбасы қан қысымын төмендететін және адамды жылдам ұйықтататын әсерге ие.

Ұқсас: Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы (эссе)