Білім туралы шығарма (эссе)

Еліміздегі әрбір адам білім алуға міндетті. Бұл біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды, өйткені, ел ертеңі – білімді жастар!

.jpg

Ұқсас: Менің мектебім (эссе)

Білімді ұрпақ – ел болашағы

Көптеген оқушылар, оқулықтан гөрі, ұялы телефондарына көбірек көңіл бөледі. Әрине, виртуалды әлем, сабақ оқудан қызықты екенін білемін. Бірақ, жастар өз болашағын қазірден бастап ойлануы керек. Менің ойымша, оқымаған және сауатсыз адам, ересек өмірде табысқа жете алмайды.

Білімді адам, кез-келген қиын жағдайдан шығатын жолды тауып, өмірде көп нәрсеге қол жеткізуге шамасы жетеді. Сондай-ақ, ақылды адамдармен қарым-қатынас жасау оңай әрі қызықты, өйткені, олар әртүрлі тақырыптарда әңгімелесе алады. Бұндай адамдардың дүниетанымы кең, сондықтан, сөйлесу барысында сіз олардан көп нәрсе үйренуге мүмкіндігіңіз бар.

Адамның тұлға ретінде қалыптасуы, мектеп қабырғаларынан басталады. Менің қазіргі мақсатым – мектепті жақсы бағалармен аяқтап, жоғары оқу орнына түсу. Кейбір пәндерден үлгерімім төмен, бірақ оларды бағындыра алатыныма сенімдімін. Жас кезімізде сапалы білім алсақ, келешекте оның жемісін көреміз деп ойлаймын.

Нашар оқитын немесе сабақ оқығысы келмейтін оқушыларды түсінбеймін. Себебі, біздің елімізде білім алу үшін, барлық жағдай жасалған. Қазақстанның болашағы – қазіргі ұрпақтың қолында! Халық жастарға сенім артып отыр, сондықтан, олардың үмітін ақтауға тырысайық!

Ұқсас: Ғылымның пайдасы (эссе)