Банктен несие(кредит) алу дұрыс па?

Банктен несие аламын деген ойыңыз бар ма? Пайызға ақша алу  дұрыс па деп ойланып жүрсеңіз осы мақаланы оқыңыз.

Көптеген сарапшылардың пікірінше, несиені елде тұрақты экономикалық жағдай болған кезде ғана алу керек. Сондықтан қазір несие алу үшін ең қолайлы уақыт емес. Несие алу туралы шешім қабылдар алдында өз мүмкіндігіне шынайы көзбен қарап алу керек.

Ипотекалық несие алу

Ипотекаға үй алу жыл сайын қолжетімді болып келеді, себебі ипотекалық несие бойынша пайыздар жыл сайын төмендеуде. Әлеуметтік бағдарламалардың арқасында өмір сүру деңгейі орташа және төмен азаматтарға ипотека алуға мүмкіндіктері бар.

  Артықшылықтары:

— пәтерді толық сатып алатын мүмкіндік болмаған жағдайға қарамастан, үй алу мүмкіндігі.

— жалдап тұратын пәтерге үйге қаржы төлегенше, болашақта өзіндікі болып қалатын пәтерге ақша төлеу.

  Кемшіліктері:

— кредит ұзақ уақытқа беріледі, сондықтан көптеген жылдар бойы қаражатты үнемдеуге тура келеді. Мүмкіндігінше ипотеканы ұзақ мерзімге алмауға тырысу керек.

— несиені төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, банк пәтерді аукционға салады. Сіз тек үйсіз ғана қалмайсыз, сонымен қатар пәтерге салынған инвестициялардан да айырыласыз.

 Тойға несие алу

 Той — әр адамның өмірінде  ерекше орын алатын оғиға. Бірақ соңғы жылдары оны жасау үшін несие алу керек па деген халық арасында дау жүріп жатыр.

  Артықшылықтары:

—  үйлену тойы сіз армандағандай болады.

—  қалыңдық тойға өзі қалаған көйлегін кие алады.

—  жастар ұнаған мейрамхананы жалдап, тойға жақсы тамада, оператор, фотограф және т.б. шақырып, келген қонақтардың алдында ұятқа қалмайды.

   Кемшіліктері:

— неке қиған жас жұбайлардың 30% — ы бір жылдың ішінде айырылысып кетеді. Бұл жағдайда сіз несиені ажырасқаннан кейін де төлеуге мәжбүр боласыз.

— отбасылық өміріңіз қарыз төлеуден басталады. Ақшаны әрдайым үнемдеуге тура келеді.

— туған туыстар тойға жинап берген ақша  мейрамхананын шығындарын жабуға ғана жетеді.

Сонымен, банктен кредит алған дұрыс па?

 Кез келген кредит жауапкершілікті талап етеді. Қандай тәуекелге бара жатқаныңызды түсуіңіз керек. Адамдар екіге бөлінеді, біріншілері өз табыстарына сәйкес өмір сүреді, ал екіншілері несиеге қымбат автокөлік, әр түрлі техника және т.б. заттар алады. Бірақ екіншілерінің бақыты көп уақытқа созылмайды.  Банктен несиені алған дұрыс па деген сұрақты әр адам өз-өзіне қоюы керек.