Интернетте ақша табу жолдары

Интернетте ақша табу мүмкін бе? Табысты қандай жолдар арқылы табуға болады? Ақша табуға арналған қандай сайттар бар?

Интернет бұл – үлкен әлем. Бұнда ақша табу жолдары шексіз. Ең бастысы сіздің ноутбугіңіз бүкіләлемдік желіге қосылып тұруы керек.

Интернетте табыс табудың артықшылықтары:

-жұмысты өзіңіз қалаған кесте бойынша жасайсыз;

-үйден шықпай жұмыс істегендіктен, сіз жанұяңызға көбірек уақыт бөле аласыз;

-жұмысқа кешіккен үшін сөгіс алуға қорықпауға болады;

-қанша қаражат таба алатыныңыз өзіңізге байланысты.

Кемшіліктері:

-ақшаны табу жолдарын дұрыс зерттеп алмай, сіз қандай да бір жетістікке жетуіңізге қиын болады;

-мұқият болмасаңыз алаяқтардың қолына түсіп қалуыңыз мүмкін;

-алғашқы уақытта сіз жасаған жұмыс өз жемісін бермеуі мүмкін, сізге шыдамдылық қажет.

Ақша табу әдістері:

1.Интернет-дүкен

Интернет-дүкендер рейтингтің жоғарғы сатысында орналасады, себебі олар шынымен жақсы табыс әкеледі. Ақша табу үшін сізге:

-тауарларды сатып алу үшін бастапқы капитал керек;

-ең төмен баға ұсынатын жеткізуші(поставщик) қажет;

-ұйымдастырушылық қасиетіңіз болуы керек.

Интернет-дүкен ашудың артықшылығы – тауарлар аз болса да, жұмысты бастап кетуіңізге болады. Жұмыс жасау үшін көптеген қызметкерлерді жалдау, сақтау кеңістігін жалдаудың қажеті жоқ. Бастапқыда адамдар бизнесті үйдің ішінен бастай береді.

2.Cеріктестік бағдарлама

Бұл жерде сіз, басқа адамдардың тауарларын сатасыз. Сіз менеджер боласыз. Партнердың тауарын ғаламторда жарнамалап, әрбір сатылған тауар үшін өз пайызыңызды аласыз. Мына серіктестік бағдарламаларымен жұмыс істеуіңізге болады:

Ad1;

Admitad;

Cityads.

3.Youtube

YouTube – бейнежазуларды тамашалауға мүмкіндік беретін хостинг компаниясы. Оның танымалдығы үнемі өсуде. Сондықтан интернетте қалай ақша табуға болады деп ойлансаңыз, бұл тәсілге міндетті түрде назар аударыңыз. Ютубта үлкен табыстарға жету үшін, оны үнемі жетілдіріп, көбірек уақыт бөлгеніңіз қажет.

4.Жеке сайтыңыз

Егер сізде өзіңіздің танымал сайтыңыз бар болса, табыс табу жолдарын іздей беруңізге болады. Өзіңіздің электронды ресурстарыңызда табыс табу жолдары:

-басқа компаниялардың жарнамаларын орналастыру;

-серіктестік бағдарламасының көмегімен;

-трафикті сатып алу арқылы;

-өз тауарларыңызды сату арқылы.

5.«Вконтакте» әлеуметтік желісі

«Вконтакте» желісінде айтарлықтай табысқа қол жеткізу үшін, алдымен топ ашыңыз. Содан кейін топтағы адам санын көбейту қажет. Топтың тақырыбы да маңызды. Мүмкін болғанша оны коммерцияға жақын қылдыру керек, бірақ ойын-сауық тақырыбы да жаман емес. Топта жарнама орналастыру, серіктестік бағдармалары немесе интернет-дүкенін ашу арқылы табыстар табуларыңызға мүмкіндік бар.