Балдың пайдасы қандай?
Бал — әр түрлі ауруларды емдеуге және алдын алуға көмектесетін өнім. Иммунитетті көтеру үшін қымбат дәрумендерге ақша жұмсамай, балды қолдануға болады.
Адамға тигізетін пайдасы
Ас қорытуды жақсарту үшін, аш қарынға бір қасық бал жеуге ұсынылады. Бұл тәсіл — асқазан-ішек жолдары ауруларының пайда болуына жол бермейді.
Құрамындағы амин қышқылдары, кальцийді тиімді сіңіруге көмектеседі. Ал, кальций сүйектерді қатайтады.
Ол — жөтелге қарсы жақсы құрал. Балдың антиоксиданттары, өкпені тазартып, жөтелдің себептерін жояды.
Гормон деңгейін қалыпқа келтіру арқылы, бала көтеру мүмкіндігін жоғарылатады. Әсіресе ерлерге пайдалы, өйткені тестостерон өндірісін ұлғайтады.
Жатар алдында сүтке қосып ішетін болсаңыз, ұйқыңыз жақсы болады.
Араның балымен офтальмологиялық ауруларды емдейді. Мысалы, оны көзге басу арқылы, катаракта ауруының дамуын баяулатады.
Оның жанама әсерлері жоқ. Сондықтан, денедегі жаралардың немесе күйіктердің тез жазылуы үшін пайдаланады.
Ол метаболизмді жақсартады. Сондықтан, артық салмақтан арылуға болады.
Ауыз қуысының ауруларын емдеуге болады. Бұл өнімді — стоматит, гингивит, тіс еттерінің қабынуын және ауыздағы жараларды жою үшін қолданады.
Бал — өте күшті антиоксидант. Ағзадағы уытты заттарды шығарып тастап, тері тесіктерін ашады. Сол себепті, балдан маскалар жасауға кеңес беріледі.
Зияны қандай?
Кейбір адамдардың балға аллергиясы бар. Жүкті немесе бала емізетін аналарға, балды пайдалану алдында дәрігермен кеңескен дұрыс. Өйткені, әйелде аллергия болмаса да, ол баласында болуы мүмкін.
Көп мөлшерде қолданған кезде, семіздік, қант диабеті және т.б. бұзылулардың пайда болуына жол береді.
+45 градуста, ол барлық пайдалы қасиеттерінен айырылып, зиянды болады. Сондықтан, ыстық шайға қосып ішпеу керек.
Қалай қолдану керек?
Ағзаға зиян келтірмеу мақсатында, дәрігерлер бұл өнімді орташа деңгейде пайдалануға кеңес береді. Ересек адамдарға арналған күнделікті мөлшер — 1-2 қасық, ал балаларға — 1 қасық. Оны тамақтанудың алдында 2 сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 3 сағаттан кейін жеген дұрыс.
Балды таза, жабық шыны ыдыста, 0-ден +10 градусқа дейінгі температурада және құрғақ бөлмеде сақтау керек.