Бәйтерек монументі туралы мәлімет
«Бәйтерек» монументі – Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Күн сайын ғимаратты тамашалауға көптеген туристтер келеді. Экскурсиялар қазақ, орыс және т.б. шет тілдерінде жүргізіледі.
Мұнараның биіктігі 97 метр, бұл 1997 жылы астананың Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшірілгендігін білдіреді. Төбесінде күн сәулесінде түсін өзгертетін диаметрі 22 метрді құрайтын шар орналасқан. Бәйтеректің биіктігі, шарды қосып есептегенде 105 м жетеді, ал салмағы 1000 тоннадан асады. Ол бетоннан, болаттан және шыныдан жасалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен, 1996 осы монументтің құрылысы басталды. Жобаның авторы — атақты ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Еліміздің басты символына айналған керемет ғимарат 2002 жылы тұрғызылды.
Бәйтеректің тамыры жер асты әлемін, ортасы жер әлемін, ал төбесі аспан әлемін білдіреді. Құрылымды жауып тұрған шыны шар, киелі Самұрық құсы басқан алтын жұмыртқаны бейнелейді. Жұмыртқаны жегісі келіп, ағаштың түбінде аш Айдаһар тығылып отырады. Көшпенді халықтар, жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресін, жыл мезгілдерінің ауысуын және күн мен түнді осылай бейнелеген.
Жерасты қабаттарында аквариум мен көркемсурет галереясы және дәмхана бар. Жылдамдығы жоғары лифттер арқылы, келушілер бақылау залына көтеріледі. Залдың ортасында 17 дін өкілінің қолтаңбасы басылған ағаш глобус және «Аялы Алақан» тұр. Оған қолыңызды қойсаңыз, кез келген тілек орындалады деген сенім бар. Бұл биіктіктен қала мен оның айналасы жақсы көрінеді.
рақмет маған ұнады және пайдалы болды. я казак .
Өте керемет апайдан ұрыс естіп отыр едік көмектесті
Қате ғо не жазып отсыңдар
Күшті жазылған
озин жазсай мыкты болсан
Тагы да Байтерек монументи жокпа
Керемет екен маған ұнады
Кате сияктыгой
Дұрыс қой
Дұрысжауаптар
Рахмет! Ертең апайдан 5 алатын болдым ғой 🫶🏻
Дұрыс па
Рахмет менде апай дан ұрыс есті мейтін болдым ғой көп рахмет