Ата-бабаның асыл арманы (эссе)

.jpg

Шағын шығарма

Біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бірнеше ғасыр бойы, біздің батырларымыз соғыстарда жеңіске жетіп, жерімізді жаулардан аман алып қалды. Қазір, Қазақстан жылдам дамып келе жатқан демократиялық  мемлекет. Бұл жетістікке, ата-бабаларымыздың арқасында жеткенімізді ұмытпағаңымыз жөн. Сондықтан, біз олардың ерліктерін мәңгілік есте сақтауға және келесі ұрпақтарға таратуға міндеттіміз.

Бұрынғы заманда, әрбір қазақтың жүрегінде тәуелсіздікке деген ұмтылыс болған. Азаттыққа жету – ата-бабамыздың асыл арманы еді. Бұған дәлел ретінде, Ресей империясынан шығу мақсатында орын алған көптеген көтерілістерді келтіруге болады. Ең ұзаққа созылған көтеріліс, Кенесары Қасымовтың басшылығымен өткен. Ашаршылық және саяси репрессия жылдары ұлтымызды қиын жағдайға әкелді, бірақ ата-бабамыз бұған да төзе алды.

Халқымыздың сіңірген еңбегін бағалап, Қазақстанды одан да қуатты етуіміз керек, бұл біздің қолымызда. Тарихымызды және мәдениетіңімізді білмесек немесе ұмытып қалсақ, ұлтымыздың абыройын айрандай төгеміз. Бұған жол бермеуіміз керек! Өз елінің дәстүріне сәйкес тәрбиеленбеген адамның келешегі жоқ. Ондай адамның патриоттық сезімі төмен, елімізде болып жатқан оқиғаларға мән бермейді. Өз тамырын ұмытқан халықтың, жарқын болашағы болмайды. Ата-бабамыз мың жыл бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік, енді оны сақтап қалайық!

Ұқсас: Тәуелсіздік туралы шығарма