Ас атасы — нан (эссе)
Нан туралы шығарма
Әр адам күн сайын үстел басынан дәмді, хош иісті және жаңа піскен нанды көргісі келеді. Нан — адамзаттың басты құндылығы, ол молшылықтың және әл-ауқаттың белгісі. Оны ешқандай тағам алмастыра алмайды, «дастарқаныңда наны жоқтың, тамағында сәні жоқ» деп бекер айтылмаған.
Соғыс жылдарында көптеген адамдар, тіпті бір тілім нанға қол жеткізе алмай, аштықтан көз жұмған. Сондықтан, егде жастағы кісілер бұл тағамның қадірін біліп, оның жерде жатқаның көрсе, «обал болады» деп көтеріп қояды. Менің атам үстелде нанның қоқымдары қалып қойса, міндетті түрде жинап жеп қоятын.
Бұрын заманауи технологиялар болған жоқ, барлық зат қолмен жасалып, үлкен шеберлік пен күшті қажет еткен. Әр отбасы егіс алқаптарында аянбай тер төгіп, бидай өсірген. Сол себепті, біздің ата-бабаларымыз нанды ерекше құрметтеген және жоғары бағалаған. Осы өнімге арнап көптеген мақтау өлеңдер мен мақал-мәтелдер шығарған. Ант беру кезінде Құранды немесе нанды қолымен ұстап тұрған.
Қазақ халқы балалардың тәрбиесіне ерекше мән беріп, бірінші кезекте нанға қамқор болуға үйреткен. Бірақ, қазіргі заманда көптеген адамдар оның шынайы құңдылығын ұмыта бастаған сияқты. Нанды аяғымыздың астынан, көшеден және қоқыс жәшігінен жиі көреміз. Бұл мәселе мені қатты мазалайды. Ешқандай жағдайда нанды лақтыруға, таптауға немесе тебуге болмайды. Оған әрдайым құрметпен қарап, нанның барына тәубе ету керек.
Маған ұнады
Жақсы жазсыз
Керемет жазылған♥️
Эссе кушти екен
Күшті жаздыңыз
Мақал-мәтелдер көбірек болуы керек еді!
Нансыз өмір жоқ
Өте керемет!