Әмір Темір туралы мәлімет

Әмір Темір (Ақсақ Темір) – әлем тарихындағы ең ұлы және қатыгез жаулап алушылардың бірі. Әйгілі билеушінің өмірінен алынған деректермен таныс болыңыздар.

темір

1362 жылы моңғолдармен шайқасқан кезде, аяғынан ауыр жарақат алды. Бұл жарақат ақсандауға әкеліп, адамдар оны «Ақсақ Темір» деп атап кетті.

Ол заманда «хан» атағын тек қана Шыңғыс ханның ұрпақтары иемдене алатын. Сондықтан, Темірлан өмірінің соңына дейін «әмір» болды.

Темірланның қолында 200 мыңға жуық сарбаз болған. Әскердегі тәртіпті және оның қажеттілігін қамтамасыз ету үшін – қазіргі Қорғаныс министрлігіне ұқсас орган құрылды.

Өмірінің ұзақ уақытын соғыспен өткізген билеуші, өз жорықтарынан олжа ретінде ғалымдарды, суретшілерді және  сәулетшілерді әкелетін. Олардың көмегімен жаңа қалалар, жолдар және түрлі ғимараттар салынды.

1404 жылы Қытайды жаулап алу мақсатында әскер жинап, осы мемлекетке аттанды. Бірақ, қатты суық басталғаннан кейін, жорық тоқтатылды. Ал 1405 жылы Әмір Темір көз жұмып, қытайлықтар қатыгез билеушіден аман қалды.

Аңызға сәйкес, Әмірдің зираты ашылғаннан кейін, үлкен және қорқынышты соғыс басталуы керек. Шыңында да, археологтар оның қабірін 1941 жылдың 20 маусымында ашты. Ал 2 күннен кейін Ұлы Отан соғысы басталды.

Қатал билеуші болғанымен, ол өз шеңберіндегі ғалымдарды, ақындарды және философтарды жоғары құрметтеген. Олармен сұхбат жүргізгенде тақтан түсіп, жандарына отыратын.

Бала кезінен аң аулау және соғыс ойындарын ұнататын Темірдің денсаулығы, өте мықты болған. 68 жасында қайтыс болғанына қарамастан, мәйітінің сүйектерін зерттеген ғалымдар, оның сүйектері 50 жастағы адаммен бірдей деген.

Материал Aif.ru сайтынан алынды.