Әлемдегі ең бай қайыршы кімдер?
Миллионерлердің қалай бай болғаны жайлы көптеген оқиғалармен таныс шығарсыздар. Ал далада қайыршы болып жүрген, баспанасы жоқ адамдардың байлыққа қалай жеткені жайлы білгіңіз келсе, келесі тақырыпты оқуға кеңес береміз.
Халил Рафати
Бұл кісі әлемдегі ең бай қайыршы адамдардың бірі. Ол 2013 жылы 33-жасында Лос-Анджелес көшелерінде қайыр тілеп жүрген. Оның кокаинге әбден тәуекел болғаны соншалық, денесінің бәрін жаралар басып кеткен. Ол бірнеше рет есірткіні тастауға бел буады, бірақ үнемі күші жетпей қалатын. Бір жолы ол шамадан тыс пайдаланып, ес-түссіз құлап, емханада біраз емделуге мәжбүр болады. Сол кезде бай болуды армандаған ол, өз өмірін өзгерту керек деген шешімге келеді. Аптасына 7 күн 24 сағат жұмыс істеп, өзінің досымен жиналған ақшаға жеке шырын өңдіріс компаниясын ашады. Қазіргі таңда оның компаниясы жылына 6 000 000 доллар табыс әкеледі. Ал қол астында 200 жұмыскері бар.
Курт Дегерман
30 жылдам астам уақыт бойы қайыр сұрап келген швед азаматы Курт Дегерман, өмірінің сонына дейін 1 400 000 доллар ақша жинаған. Бір қарағанда оның басқа қайыршы адамдардан айырмашылығы жоқ сияқты. Ол қоқыста табылған фаст-фудтың қалдықтарымен тамақтанып, сол жерден киінген. Ұзақ уақыт бойы ол сыра және басқа сусындардын бөтелкелерін жинаумен айналысқан. Бірақ басқа қайыршыларға қарағанда ол, жинаған ақшасын алкоголь мен есірткіге емес, Швецияның үздік компанияларының акцияларына инвестиция жасап отырған. 2008 жылы 60 жасында қайтыс болған Курт Дегерман, бүкіл әлемді таң қалдырды. Ол акция және басқа бағалы қағаздар ретінде 8 миллион крон (1,1 миллион доллар) қалдырғаны анықталды. Ал есепшотында 300 000 доллар ақша табылды. Дегерманның отбасы мүшелерінің айтуынша, бала кезінде ол өте қабілетті болған. Дегенмен, жеке дағдарыстың салдарынан Дегерман қоғамның астыңғы сатысына кетуге шешім қабылдаған.
Леонид Конавалов
63 жастағы сібір қайыршысы жиырма жыл бойы қоқыста өмір сүрген Леонид Коновалов енді бөтелке жинаумен айналыспайды. Дағдарыс себебінен ресейліктер алкогольдік ішімдіктерді көп мөлшерде іше бастады, бұл жағдай ол үшін көмегін тигізді. Ол күніне 2 000 бөтелкеден тапсырып, біраз уақыттан кейін 6 нөлі бар соммаға қол жеткізді. Бұрыңғы өмірінде ол әскери адам және тау-кен инженері болған. 90-шы жылдары ешкімге инженерлер қажет болмаған кезде, Леонид өмірдің түбіне түсуге шешім қабылдады.