Әлемде болып жатқан климаттық өзгерістер (эссе)

Соңғы жылдары Жердегі климат айтарлықтай өзгерді: кейбір елдер қатты ыстықтан қиналса, басқалары суық және қарлы қыстан зардап шегуде.

20-шы ғасырдың ортасынан бастап, әлемдегі орташа температура деңгейі 1,5°C-қа жоғарылады. Мұнай, газ және көмірді жағу – орташа температураның жоғарылауына ықпал етіп, парниктік эффектті тудырды. Парниктік газдардың атмосферадағы концентрациясы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетіп, планетаға қауіп төңдіріп жатыр. Бұл процессті – жаһандық жылыну деп атайды.

Жаһандық жылыну болашақта қандай салдарға әкелуі мүмкін?

  • Мұхиттардың жылынуы дауылдар мен тайфундардың пайда болуына ықпал етеді. Мұнымен қоса, мұздықтардың еруі де су деңгейінің көтерілуіне әкеліп, табиғи катаклизмдерді тудырады. Нәтижесінде, үйлер мен елді мекендер қиратылып, адам өлімі және экономикалық шығындар болады.
  • Көптеген аймақтарда су ресурстарының тапшылығы күшейіп, ауыл шаруашылығы құлдырайды. Шөлдер кеңейіп, егін егуге болатын жерлер азаяды. Бұл жағдай шиеліністерді арттырып, қақтығыстардың басталуына түрткі болуы мүмкін.
  • Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің 40%-ына жойылу қаупі төңеді, өйткені олар жаңа тіршілік ету ортасына бейімделуге үлгере алмай қалады.
  • 2070 жылға қарай, кейбір елдердің аумағы температураның көтерілуіне байланысты өмір сүруге жарамсыз болып қалады. Бұл мемлекеттерге: Катар, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері  және т.б. кіреді.

Мамандардың пікірінше, адамзат климаттық өзгерістерге толық тосқауыл қоя алмайды. Дегенмен, бұл құбылыстың зардабын азайтуға мүмкіндік бар. Ол үшін баламалы энергетиканы дамытып,  парниктік газдардың шығарылындарын шектеу керек.

Ұқсас: Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы (эссе)