Ақбөкен туралы мәліметтер

Бірнеше ғасыр бұрын, бұл қостұяқты жануар Еуразияның барлық шөлді айматарында көптеп кездесетін. Өкінішке орай, адамдардың кесірінен олардың саны едәуір азайды. Қазір ақбөкен — Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркменстан және Ресей елдерінің аумағын ғана мекен етеді.

.jpg

9 мәлімет

  • Жыл мезгілдері ауысқан кезде, оның терісіндегі жүнінің тығыздығы да  өзгереді. Жүні қыста қалыңдап, жазда жұқарады, сондықтан ақбөкендер кез-келген ауа-райына бейімделе алады.
  • Адамдардан кейінгі ең басты жауы — қасқыр. Бірақ, ақбөкенді ұстап алу өте қиын — оның жылдамдығы 70 км/сағ дейін жетеді. Сонымен қатар, дала аймақтарында жыртқыш аңдарға жасырын түрде шабуыл жасау қиынға соғады.
  • Ғалымдардың есептеуі бойынша, 1990-2006 жылдар аралығында, ақбөкендердің саны 95%-ға азайды, 1 миллионнан 50 мыңға дейін!
  • Суық мезгілде ұзын мұрны маңызды қызмет атқарады, ол өкпеге кіретін ауаны жылытып отырады. Сондай-ақ мұрынның көмегімен, басқа жануарлармен әр түрлі дыбыс шығару арқылы байланысады.
  • Жаңа туылған ақбөкен 10 күннен кейін жүріп кетеді. Олар 7 жылға дейін өмір сүреді.
  • XXI-ғасырда бұл жануарлардың саны қатты төмендеді. Сол себептен, ақбөкендерді қорғау және сақтау бойынша шаралар қабылданып, олардың популяциясы қайтадан қалпына келді. Бірақ, мүйізінің емдік қасиеттері болғандықтан, қаскерлер (браконьер) оларды жаппай өлтіріп, мүйіздерін Қытайға сата бастады. Қазіргі уақытта, ақбөкендерге жойылып кету қаупі төңіп тұр.
  • Ақбөкен 100-ге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Сусыз ұзақ уақыт бойы жүре береді, қажетті ылғалды шөптерден алады.
  • Мүйіздерінің ұзындығы — 30 см. Олар тек еркектерінде ғана кездеседі.
  • Орташа салмағы 20-40 кг. Денесінің ұзындығы — 130 см.