Әйтеке би туралы мәлімет

Әйтеке бидің біздің тарихымызда алатын орны ерекше. Ол тек қана шешен ғана емес, сонымен бірге, ержүрек батыр ретінде жұртқа танымал болған.

.jpg

Өзбекстандағы қазіргі Қызылша ауылының аумағында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Сырдария мен Әмудария өзендерінің оңтүстігінде өткізді. Ол Қоқан ханы Ақшаның немересі болып табылады. Атақты Ұлықбек медресесін оқып бітіріп, араб, парсы және түркі тілдерін жақсы меңгеріп алған.

25 жасынан бастап, Ордабасы, Күлтөбе және Ұлытауда өтетін билер құрылтайына қатысып отырды. Бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, билер мен тайпалар арасындағы келіспеушіліктер жойылған. Әйтеке би жас болғанымен, түрлі алауыздықтарды шешу кезінде, оның пікірімен барлығы санасқан. Хандар мен әскери қолбасшылар одан кеңес алуға тырысқан.

Тәуке хан оны өзінің кеңесшісі етіп тағайындаған. Ханмен бірге, жоңғарлардың Сайрамға жасаған шабуылына тойтарыс берген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұру мақсатында, қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға үлкен үлесін тигізді. Орыстармен дипломатиялық, сауда-саттық және достық қарым-қатынастарын дамытуға белсенді қатысты.

Қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу үшін, жабдықталған мықты әскер құруды армандаған. Ол сарбаздарды мылтықтармен және зеңбіректермен қаруландыруды талап етті. Сондай-ақ, әскерді сұлтандар емес, халық арасынан шыққан батыр басқаруын жөн көрді. Бұл ұсыныс – тиісті қолдауын таппады. Бұған ренжіген Әйтебе би, Хан Кеңесінің мүшелігінен өз еркімен кететіні туралы хабарлап, 56 жасында өмірден озды. Өзбекстанның Нұрата ауданында жерленді. Ал, кейбір мәліметтер бойынша, оның қабірі Ташкенттен 75 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ұқсас: Қазыбек би туралы мәлімет