Жұмыртқаның пайдасы мен зияны

Жұмыртқаның ең пайдалы өнімдердің  қатарына кіретіндігі белгілі. Бірақ кейбір зерттеушілер, оның құрамында холестириннің мөлшері көп болғандықтан, жұмыртқамен күнделікті тамақтануға болмайды дейді.

Фото: Pixabay

Пайдасы

Таңғы ас кезінде, 1 жұмыртқамен ғана тамақтанатын болсаңыз, иммунитетіңіз күшейіп, ағзаңыз бактериялармен белсенді күресе бастайды.

Жұмыртқаның сарыуызындағы холин деп аталатын компонент, мидың белсенділігін арттырады және есте сақтау қабілетін жоғарылатады. Сонымен қатар, Альцгеймер ауыруынан қорғайды.

Ол спортшылардың мәзіренде міндетті түрде кезедседі. Өйткені, 1 жұмыртқада, ақуыздың тәуліктік нормасының — 15% бар.

1 тауық жұмыртқасы — 70 калорийден тұрады. Сондықтан, артық салмақтан құтылу үшін қолдануға болады.

Бұл тағам көзге пайдалы. Оның құрамында — зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғайтын антиоксиданттары бар. Сондай-ақ, ол катаракта ауруынан сақтайды.

Ол көптеген пайдалы дәрумендер мен минералдардан тұрады: A, D, E, B, йод, мырыш, кальций, магний, темір және фосфор.

Оның көмегімен аштық сезімін ұзақ уақытқа басуға болады.

Фолий қышқылы — жүректің қалыпты жұмыс істеуіне және жүктілік кезінде ұрықтың дұрыс дамуына көмегін тигізеді.

Зияны

Холестериннің ең үлкен мөлшері осы тағамда. Холестерин — адамның ағзасында қауіпті процесстерді тудырады. Оның кесірінен жүрек-тамыр ауруларының дамуы мүмкін.

Көптеген адамдар ұзақ уақыт бойы тері ауруларынан зардап шегеді. Ол жұмыртқадан болуы ғажап емес, өйткені бұл тағам —  аллергиялық реакция тудыратын тағамдардың қатарында.

Зертеулерге сәйкес, онымен күнделікті тамақтанатын болсаңыз, қандағы глюкозаның мөлшері көбейіп, диабетке әкеліп соғуы мүмкін.

Жұмыртқамен шамадан тыс тамақтану, темекі шеккенмен бірдей. Ересек адамға бір күнде, 1-3 жұмыртқа жеуге кеңес беріледі.