Жолда жүру ережесі туралы шығарма (эссе)
Жыл сайын қала көшелерінде көліктер көбейіп барады. Олар біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдеткенімен, кейбір жағдайларда адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төңдіреді.
Мен жолды өтер кезде бағдаршамның жасыл түсі жанғаның күтемін. Содан соң, оң жағыма және сол жағыма қарап, көліктердің тоқтағанына көзімді жеткізгеннен кейін ғана «зебраға» аяғымды басамын. Бұл менің қауіпсіздігім үшін қажет, себебі жол ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілер жеткілікті.
Дегенмен, жаяу өткелден жүгіріп өтетін балаларды жиі байқауға болады. Бұл өте қауіпті! Статистика бойынша, жол-көлік оқиғалары көбінесе жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерде орын алады. Салмағы 1,5-2 тонна автокөлікті бір мезетте тоқтату мүмкін емес екендігін ұмытпау керек.
Жолды дұрыс өту тәртібін маған ата-анам үйреткен. Олардың жеке автокөліктері бар. Әкем, соңғы уақытта жол ережелерін сақтамай, көлікті қатты жылдамдықпен айдайтын шопырлардың саны көбейіп келе жатқандығын ескертеді. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер — жол қозғалысы ережелеріне бірдей бағынуы тиіс.
Қазіргі уақытта, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаңа асфальт төселіп, көшелерге жарық беретін шамдар орнатылды. Жылдамдықты өлшейтін арнайы бейнебақылау камералары қойылды.
Мен келешекте білікті жүргізуші болғым келеді. Жүргізуші куәлігін алмас бұрын халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) барып емтиханнан өту керек. Ата-анам емтиханды сәтті тапсырған жағдайда, маған «темір тұлпар» сыйлаймыз деп уәде берді. Сол үшін жолда жүру ережелерін қазірден бастап оқып жүрмін.
Өте күшті мен сабақтан алдым
эссе емеской
Маған ұнамады
теріп жазуға тура келеді қазақ тілі апай бізге интернеттен қосымша ақпарат тауып келіңдер деген
Өте күшті😍
Эссе емесқой не мынау маған ұнамад👎🏻👎🏻👎🏻
Не мене ұнамаса басқасын қарасай мұнда жазбай
Өте түсінікті бүгін 5алдым рахмет!
Маган ұнады
Рахмет! күшті маған ұнады.Бірақ аз екен.😔
Ия өте күшті екен менде 5 аламын деп ойлаймын
Күшті рахмет!
Керемет! Мен сабақтан 5алдым!!) Рахметттт!!)
Эссе емеско нау
Теріп, теріп жазасынго енді
Рахмет өте сабақта көмек тесті
Эссе емесқо мынау
Мынау эссе емес
Маған ұнамайды 👎👎👎
Рахмет өте көп көмектесті
Күлті екен
Бүгін мен 10 балл алдым рахмет және мынау акпарат өтее пайдалы
Өте керемет бірақ ішінде қателеріде бар сондықтан арасынан теріп жаздым
Маған көп көмегі тиген жоқ бірақ жақсы жазылған
Жақсы маған ұнады
Өте керемет
Маған да ұнады 😗🥰
Болмагыр екен