Жүзімнің пайдасы қандай?
Жүзім өсіру Таяу Шығыста неолит дәуірінде басталды. Бұл жидек байлық пен молшылықтың символы болып саналады. Оның адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін тексерейік.
Пайдасы
Жыл сайын дүние жүзінде 70 миллион тоннадан астам жүзім өсіріледі. Бірақ, оның тек 12% жаңа жеуге арналған. Қалған бөлігінен шарап дайындалады. Бүгінгі таңда, 8 мыңнан астам сұрпы белгілі. Олар дастарқан, техникалық және әмбебап сұрып болып үшке бөлінеді.
Қоректік заттардың ең жоғары концентрациясы жидектің қабығы мен дәнегінде орналасқан. Жүзім полифенол, С, Е, Р және В тобындағы дәрумендер, сондай-ақ селен, мырыш, мыс, темір, кальций, калий, магний, марганец, алюминий, бор, йод және кобальт сияқты микро және макро элемменттерге толы. Қызыл және қара сорттарында терінің және сүйек тінінің жақсаруына ықпал ететін флавоноидтар бар.
Жүзімде денені ерте қартаюдан қорғайтын күшті антиоксидант ресвератрол да бар. Ол зақымдалған жасушаларды қалпына келтіретін арнайы ақуыздарды, сиртуиндерді белсендіреді. Жидекті пісіп жетілген кезенде жеген әсіресе пайдалы.
Жүзім қандағы азот оксидінің деңгейін көтеруге арқылы, қан ұйығының (тромб) пайда болуына жол бермейді. Сондай-ақ, ол астма, созылмалы ішқатпа, асқазанның асты қорытпауы және бауыр аурулары үшін өте пайдалы.
Ғалымдар жүзімнің қатерлі ісік ауруларының алдын алуға көмектесетінін анықтады. Зерттеулерге сәйкес, ол сүт безі, жуан ішек және қуықасты безі қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады.
Дегенмен, бұл жидектің керемет қасиеттеріне қарамастан, оның бірқатар қарсы көрсетілімдері де бар. Асқазанның ойық жарасы, диарея (іш өту), қант диабеті, семіздік, гипертония, бауыр циррозы және стоматит кезінде жүзімді пайдалану ұсынылмайды.