Жүсіпбек Аймауытов туралы мәлімет

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Павлодар уезіне қарасты Қызылтау ауылында дүниеге келген.

Өмірбаяны

15 жасына дейін әкесінің және жергілікті молданың қолында оқыған. 18-ге толғанда Павлодар мемлекеттік ауылшаруашылық училищесіне оқуға түсіп, екі айдан соң мектептің әділетсіз тәртібіне бағынбағаны үшін оқудан шығарылды. Кейін өз ауылында екі жыл мұғалім болып жұмыс істеп, 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсті. Мұнда ол Қ.Сәтбаевпен танысты.

1917-1919 жылдары Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов бірге Алаш-Орда партиясының негізін қалаған. 1920 жылы Кеңес үкіметін қолдап, Қазақстан Кеңестер съезіне делегат болып сайланды, «Қазақ» газетінің редакторы болып жұмыс істеді. Одан кейін 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметіне тағайындалды.

Бұл кезеңде ол қоғамдық-саясы өмірге белсене араласты. 1921 жылы Торғай уезінде ашаршылыққа тап болған халыққа көмек көрсету мақсатымен, ауылдардан мал жинаған. Осы ісі үшін Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, 1931 жылы ату жазасына кесілді. Тек 1988 жылы Қазақстанның Жоғарғы соты ұлы жазушыны толық ақтады.

Ж.Аймауытов 4 роман («Қартқожа», «Ақбілек»), 10 пьеса («Рабиға», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия-Шәрбану»), 50-ден астам әңгіменің авторы. Сондай-ақ, орыс классиктері — А.С. Пушкиннің, Л.Н. Толстойдың, А.М. Горькийдің әдеби шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1918 жылы Мұхтар Әуезовпен бірге «Абай» әдеби журналын шығарды. Әуезов Жүсіпбек Аймауытовты ұстазы ретінде қабылдаған.

Ұқсас: Ахмет Байтұрсынов туралы мәлімет